Home Денсаулық Еліміздің бес облысында республикалық жолдар жабылды

Еліміздің бес облысында республикалық жолдар жабылды

Daismedia.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында — 1 учаске

 

Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы — Қайнар ауылы – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел).

 

Жетісу облысында — 1 учаске

 

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км. (боран, шектеулі көрініс).

 

Қарағанды облысыда — 1 учаске

 

«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а-Новостройка а. – 16 км. (қар, боран, шектеулі көрініс).

 

Қостанай облысында — 1 учаске

 

«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы — 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

 

Ұлытау облысында — 1 учаске

 

«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау кенті -Қостанай облысының шекарасы – 115 км. (боран, шектеулі көрініс).

 

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 337 бірлік техника және 457 адам жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз:Daismedia.kz

You may also like

Leave a Comment