138
Түркістандағы «Мұз сарайы» спорт кешені қала тұрғындары үшін қызмет көрсетуде. Кешеннің ауа температурасы — 13°C. Мұздың температурасы — 8°C.🌡
Мұз айдынында бір уақытта 200 адам конькимен сырғанай алады. Ол үшін кешкі сағат 20:00 мен 00:00 аралығында келсеңіз болғаны.
Әуесқой тұрғындардан бөлек, күндізгі уақытта 6-12 жас аралығындағы балалар келесідей спорт үйірмелеріне қатыса алады. Атап айтқанда:
❄️шорт-трек;
❄️хоккей;
❄️мәнерлеп сырғанау спорт түрлері.
🏗Көлемі 26х60 м². Ал спорт кешенінде өтетін тартысты ойындарды бір мезетте 1200 көрермен тамашалай алады.
💸Әуесқой конькишілер үшін кіру бағасы арнайы аяқ киіммен бірге — 1200 тг., балалар мен студенттерге — 800 тг.