Түркістан облысында 39 тасымалдаушы 283 тұрақты бағыт бойынша 1208 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Оның ішінде облысаралық – 72 , ауданаралық – 32, қалалық – 48, ауданішілік – 131 тұрақты бағыт бар. Көліктің барлық түрін есептегенде 19,3 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға артқан.
Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, 2023 жылы облыста 210 қоғамдық көлік жаңартылды. Түркістан қаласында тасымалдаушылар есебінен 78 жаңа автобус сатып алынды.
Әлеуметтік маңызы бар автомобиль бағыттарын субсидиялау бойынша, былтыр 79 бағытқа 6,3 млрд. теңге субсидия бөлінген. Субсидия көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. 2024 жылы 89 бағытқа 4,6 млрд. теңге, Түркістан қаласына 3,9 млрд. теңге қаралып отыр. Қалған аудан, қалалар жергілікті бюджетінен 700 млн. теңге бөліп отыр.
Бүгінде пилоттық жоба ретінде 3 ауданаралық бағыттарды субсидиялау көзделген. Атап айтқанда, Кентау – Түркістан, Арыс – Түркістан (Шәуілдір арқылы), Жібек жолы – Түркістан бағыттары.
Дереккөз:Daismedia.kz
