Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Daismedia.kz

Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады.

73 келіге дейінгі салмақта белдескен Шадияр Қуандық пен 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Алтынбек Какитаев жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Олар өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, Қазақстан қоржынына қос алтынды салды. Дина Иржанова (57 кг), Ерсін Болатов (60 кг) және Нұрмұхаммед Әлдібек (66 кг) күміс жүлдеге ие болса, Фериде Караоглы (52 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сурдо спорт түрлері бойынша Түркістанда тұңғыш рет өтіп жатқан әлем чемпионатының ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ әлем чемпионатының ашылу салтанатына Халықарылық саңыраулар спорт комитетінің мүшесі Яник Ярослав, Халықарылық саңыраулар спорт комитетінің дзюдо директоры Антонио Дамиен, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Ержан Естаев, Қазақстан Республикасының сурдо дзюдо федерациясының президенті Мұқаш Қуанышбек қатысты.

Айта кетерлігі, әлем чемпионаты 14 сәуірге дейін жалғасады. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан әлемдік біріншілікте дзюдошылар 15 медаль жиынтығын сарапқа салады. Әлем чемпионаты Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде өтіп жатыр.

You may also like

Leave a Comment