Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, комиссия бойынша Түркістан облысының кураторы Баян Жандосова және облыстық комиссия мүшелері, құзырлы орган қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және комиссия мүшелері селекторлық форматта қатысты.
Бүгінде қоғамда әйелдер істері, сонымен қатар отбасылық мәселелер қызу талқылануда. Түркістан өңірінде әйелдер қауымы барлық салада жемісті еңбектер етіп жатыр. Облыс көлемінде 200 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығын шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтары құрайды. Жалпы бұл бағыттағы комиссия жұмыстары облыста жоспарға сай жүргізілуде.
Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Жиын барысында құзырлы мекемелер мен тиісті басқарма өкілдері баяндама жасады. Облыс көлемінде әйелдер жұмыссыздығын азайту және осы бағыттағы жоспарланған шаралар талқыланды. Сонымен қатар құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық фактілері туралы деректер келтіріп, әйелдердің репродукті денсаулығын қорғау, соның ішінде ана мен бала өлімінің проблемалары айтылды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
72