Төлеби ауданы N1 қалалық кітапханада аудандық жастар орталығының, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе 15мамыр Отбасы күніне орай,»Отбасы- өмір аясы»атты тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға Ленгір қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Абдукаймов, дербес зейнеткер Қ.Бектуров, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы А.Темірбекова, аудандық полиция бөлімінің капитаны А.Боташева, жас отбасы аудандық полиция бөлімінің капитандары А.Жұмаділ, А.Нұрлан, аудандық жастар орталығының басшысы Б.Мақұлбек, N9 колледжінің студенттері және ұстазы С.Нышанбаева, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері А.Аппазова, Д.Бейсетаев, Б.Ахатовтар қатысты. Мақсаты: Жастарға отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру.Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«ОТБАСЫ — ӨМІР АЯСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
76