Home Жаңалықтар РОЗА СЕЙІТҚАЗЫМОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

РОЗА СЕЙІТҚАЗЫМОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Daismedia.kz

Күллі қазақ жұртын ерекше аспап мандолинде ән шырқап таң қалдырған Роза Сейітқазымованың шығармашылық кеші өтті. Өнеріне вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың өзі тәнті болып, батасын берген әншінің кешіне қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қазақ айтысында өзіндік орны бар ақын, жерлесіміз Нұрлан Есенқұлов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, әншінің жақындары мен өнеріне табынушылар қатысты.

Кеште қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ерекше аспапты көпке танытып жүрген Роза Уасханқызын шығармашылық кешімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Қала әкімі өнер иесіне қазақы нақышпен қамзол кигізіп, орамал жауып сый-сияпат көрсетті.

Үлкен сахнаға шығып бар қазақтың жүрегін ерекше өнерімен жаулаған әнші апаны айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов кестелі тіл, өрнекті сөзімен арнауын жеткізді.

Өнерсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кеште арыстық әжелер де, ардагерлерде өнер көрсетті. Мерейтой иесімен емен-жарқын сұқбат орын алып, мондалин аспабымен ән де шырқалды.

Роза Уасханқызы Арыс қаласының тумасы. Ол жастайынан әншілікке құмар болып, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған. Оның бұл арманы қартайған шағында орындалды.

Ешқандай музыкалық білімі болмаса да, талайды таңдай қақтырған ол аспабын жанынан бір елі тастаған емес.

Әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың батасын алған Роза Сейітқазымова мандолина аспабын тартатын жастардың жоқтығына іштей қыжылады. Сондықтан үйренемін деп талпыныс білдіргендерге үйретуге дайынмын дегенді де айта кетті. Себебі, ерекше музыкалық аспап ұрпақтан-ұрпаққа жетуі керек деп санайды.

Тәңір берген талантын тұншықтырмай осы күнге жеткізген өнер иесі Роза апаға толағай табыс, мықты денсаулық тілейміз

You may also like

Leave a Comment