Өнерге жақын бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі. Мүмкіндігі шектеулі талантты балалардың шығармашылығын дамытуға, бойындағы асыл ққасиеттердің жетілдіруіне өнердің берері көп. Жастайынан тағдырдың қатал сынына ұшыраса да, өмірін өнермен өрнектеп жүрген балалардың барлығы да нағыз талант иелері.
Осы орайда, бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, шығармашылығына қолдау көрсетіп, насихаттау, отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу, оларға бағыт – бағдар беріп өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында «Үкілі Үміт!» аудандық өнер фестивалі өтті.
Қатысушы үміткерлер фестивальге түрлі жанр эстрадалық ән орындау, дәстүрлі ән орындау, қылқалам, қолөнер және би жанрлары бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже бойынша қатысушы өнерпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қолөнер.
І – ОРЫН – Ержанова Аделя («№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ)
ІІ – ОРЫН – Асубай Шұғыла («№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ)
ІІІ – ОРЫН – Рахметов Икрамжан («№3 арнайы мектеп-интернат» КММ)
ІІІ – ОРЫН – Жанкузиева Аяна («№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ)
Қылқалам.
І – ОРЫН – Курманова Русалина («№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ)
ІІ – ОРЫН – Музапарова Жазира («№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ)
Би жанры.
І – ОРЫН – «Көркем» би тобы («№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ)
ІІ – ОРЫН – «Ақ жүрек» би тобы («№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ)
ІІІ – ОРЫН – «NOMAD» би тобы («№3 арнайы мектеп-интернат» КММ)
Ән жанры.
І – ОРЫН – Қасымбек Ақерке («№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ)
ІІ – ОРЫН – Амантай Аяулым («№3 арнайы мектеп-интернат» КММ)
«ҮКІЛІ ҮМІТ!» ФЕСТИВАЛІ: МҮКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ШЫҒАРМАШЫЛ БАЛАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
81