Home Жаңалықтар «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

Daismedia.kz

Қай ұлттың болсын баянды болашағы оның ұрпағымен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, ата-баба аманатын алысқа апаратын саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Аталған тақырып аясында, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Ұлттық тәрбие — ел болашағы» тақырыбында форум өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы мен аудандық сот бірлесіп ұйымдастырған іс-шара ұлтаралық татулық пен келісімге арналды.
Форум жұмысын Жастар орталығының басшысы Беглан Мақұлбек жүргізіп, оған аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, «Парасатты Қазақстан» қоғамдық ұйымының мүшелері, білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев қатысып, жиын тақырыбы жөнінде ой-пікірлерін жеткізді.

Аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, генерал — майор Ақжігіт Исабеков ұлттық тәрбие, рухани құндылық, жастар тәрбиесі, діни экстремизм, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы аясында ой қозғады.
Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы аудандағы саяси ахуал, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аудан прокуроры Оразәлі Ералханұлы құқықтық сауаттылық, жастар арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлық , әлеуметтік желінің қауіпсіздігі жайында ой қозғады.
Жастардың бойында ұлттық сана-сезімді, ата-баба дәстүріне адалдықты сіңіру ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміздің бір тармағы. Отбасында берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуы, о бастан қастерлеп келе жатқан отбасылық құндылықтарымыздың жалғасы болып табылады.

You may also like

Leave a Comment