Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды.
Сондай-ақ, Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады. Сонымен қатар, 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым ету керектігін атап өтті.