63
Түркістандық жас спортшылар бокстан Қостанай қаласында өткен халықаралық турнирде жарқын жеңіспен оралды.
Бокстан Еуропа кубогының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Сеулдегі ХХIV Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Мирошниченконы еске алуға арналған бәйгеде 15-16 жас аралығындағы спортшылар бақ сынады.
Онда еліміздің 17 облысынан және Ресей, Қырғызстан мен Ирак елдерінен келген 400-ге жуық спортшықатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жарыс қорытындысымен: түркістандық Отжан Сырым (57-кг) мен Мейрамхан Ерасыл (52) 1-орынды иеленсе, 50 кг салмақта өнер көрсеткен Әутен Сұңқар, 75 кг салмақта Ихтияр Алиддинов 3-орынға жайғасып, ең ауыр салмақта Аян Дүйсенбай (+80 кг) 3-орынды жеңіп алды.