Home Жаңалықтар САРЫАҒАШТЫҚ ЖАС СПОРТШЫ ҚР-НЫҢ 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

САРЫАҒАШТЫҚ ЖАС СПОРТШЫ ҚР-НЫҢ 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Daismedia.kz

Ауданға қарасты Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны, №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Тұрдықұлов Сүлеймен Рақымжанұлы аударыспақтан Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы атанды.

Айта кетсек, Алматы облысында жастар арасындағы аударыспақтан ағымдағы жылдың 10- 13 мамыр аралығында өткен ҚР 18 чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тақты. Алматы облысында 3 күн қатарынан өткен сайысқа 2004-2006 жылы туған әр өңірден келген тақымы тарамыс жігіттер 9 салмақ дәрежесінде өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 62 келі салмақта облыстың намысын қорғаған Сүлеймен Тұрдықұл тек жалғыз өзі облыс қоржынына алтын сыйлады.

Тақымы тарамыс Сүлеймен Тұрдықұлов бұл спорт түрімен 4 жылдан бері айналысып келеді. 4 жылдың ішінде 3 рет ҚР чемпионы атанып үлгерді.

You may also like

Leave a Comment