110
Түркістан қаласында облыстағы аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдеріне арналған «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы өз мәресіне жетті.
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың берешегін реттеу, жұмысқа орналасу және кәсіп бастауға жеңілдетілген несиелер алу секілді өзекті мәселелерді мақсат еткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы және облыстық қоғамдық даму басқармасы, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Үш күнге созылған білім беру жобасының қорытынды сертификат тапсыру рәсімі Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтті. Жоба модераторлары білім алушыларға арнайы алғысын білдірді.