Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Кузембаев келді.
Мәлік Отарбаев алдымен ауданның білімді, белсенді жастарымен кездесті. Кездесу ауданның орталық кітапхана ғимаратында өткізілді. Жиынды аудан басшысы әкімі Арман Абдуллаев жүргізіп, жастарға келген қонаққа өз ойларымен еркін бөлісіп, пікір алмасуды ұсынды.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, білімді де білгір жастардың қолында. Жастар – қоғам өмірін алға бастаушы прогрессивті күш иесі екенін қай қоғамда да дәлелдеп келе жатқанын, мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың ұдайы жастарға ерекше назар аударатыны жайында сөз етті. Кездесудің басты мақсаты ҚР Президентінің қатысуымен наурызда өткен Ұлттық құрылтайда аталған өзекті мәселелерге тоқтала отырып ой бөлісу, аудан жастарының өз ұсыныс –пікірлерін ортаға салып, талқылау. Жиында барысында пайымды пікірлер айтылып, орнықты ұсыныстар ортаға салынды.
Келесі кезекте Мәлік Отарбаев аудан әкімдігінің ғимаратында имамдармен кездесіп, елімізде орын алған жағдайларға тоқталып, ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтауда имамдардың үлесі барын атап өтті.
Мәлік Нұржанұлы Президенттің құрылтайда айтқан ұлттық бірегейлікті сақтаудағы ойларымен бөлісті. Халықпен өткен әрбір кездесуде ұлттық құныдылықпен қатар, мемлекеттік құндылықтарды көтеру, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың еңбек жолдары мен ел үшін жасаған ерліктерін, батырлығын, даналығын дәріптеу қажеттігін ұсынды.
Жиын соңында аудан имамдары ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевқа өз баталарын беріп, алғыстарын жеткізді.