Home Жаңалықтар “SENAT OPEN” АШЫҚ КУБОГІ ӨТУДЕ

“SENAT OPEN” АШЫҚ КУБОГІ ӨТУДЕ

Daismedia.kz

Түркістан қаласында шахматтан “Senat Оpen”ашық кубогінің облыстық іріктеу турнирі басталды. ҚР Парламенті Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыс — 2024 жылғы сәуір-тамыз айлары аралығында еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.

Турнирге облыстың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен 102 шахматшы қатысуда.

Турнирдің мақсаты:
1) Шахматты саяси қайраткерлер, барлық деңгейдегі депутаттар және қоғам өкілдері арасында танымал ету;
2) Қазақстан Шахмат Федерациясының (бұдан әрі – ҚШФ) атқарушы дирекциялары мен жергілікті жерлердегі өкілді билік органдары арасындағы берік байланысты нығайту;
3) ҚШФ танылу индексін арттыру;
4) Шахмат спортын дамытуға жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару;
5) Қазақстан ұлтының зияткерлік әлеуетін дамытуға белсенді қатысу;
6) Сенаттың 1-ші ашық кубогының жартылай финалына қатысушыларды анықтау.

You may also like

Leave a Comment