Home Жаңалықтар «БҰРАҢ БЕЛ» БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«БҰРАҢ БЕЛ» БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Daismedia.kz

Қандай ғажап, қарап тұрсаң, би деген,
Би дегенде біліп болмас күйге енем.
Сұлулықты шын түсініп, білмейді
Ұлттың биін жан-тәнімен сүймеген.
Дәл осында қимыл деген, сый деген,
Дәл осында мазмұн деген, ой деген.
Сұлулықты шын түсініп, білмейді
Ұлттық биге басын төмен имеген.
Түркістан облысы Төлеби ауданы, Төлеби аудандық мәдениет үйінде Қазақ КСР-нің Халық әртісі Әмина Өмірзақованың 105 жылдығына орай би үйірмелерінің шығармашылығына қолдау көрсету және би жанрын насихаттау, жас ұрпаққа би өнерін дәріптеп, көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында «Бұраң бел!» аудандық бишілер байқауы өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеуден өткен 14 би ұжымы қатысып, қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже шығарылды.
БАС ЖҮЛДЕ – «Самға — Нұр» би тобы (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)
І – ОРЫН – «Нәзік» би тобы (Ақбастау жалпы білім беретін орта мектебі)
ІІ – ОРЫН – «Шаттық» би тобы (№7 ІТ мектеп — лицейі)
ІІ – ОРЫН – «Ақ кербез» би тобы (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі)
ІІ – ОРЫН – «Айназым» би тобы (Диханкөл ауылдық клубы)
ІІІ – ОРЫН – «Шұғыла» би тобы (Бейнеткеш ауылдық клубы)
ІІІ – ОРЫН – «Айгөлек» би тобы (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі)
ІІІ – ОРЫН – «Шашу» би тобы (Қаратөбе ауылдық клубы)
ІІІ – ОРЫН – Оспан Назерке (Мәдени ауылдық клубы) марапатталды.

You may also like

Leave a Comment