Келес ауданы, Абай ауылында соңғы үлгідегі оқу орталығы ашылды. Аталмыш орталықта Lego Mindstorms EV3 жинағымен және программалау ортасы бойынша сабақ өтіледі.
Robo Kids тобы 5 — 9 жас
Robo Junior тобына 10-14 жас
ОҚЫТУ:
— Lego WeDo жинағымен және
программалау ортасымен
өтіледі.
Орталықтың ашылуына Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Айбек Әмреқұлұлы қатысып орталықпен танысты.
Айбек Әмреқұлұлы өз сөзінде ауданымызға осындай робототехника саласын дамытатын орталықтар керек екендігін жеткізіп, алдағы уақытта осы сала бойынша түрлі аудандық, облыстық байқаулар ұйымдастырып қолдау көрсететіндігін жеткізді.
«Робототехника – бұл арнайы дизайнерлердің көмегімен роботтар жасау тәсілі. Балалар роботтарды жасау процесіне қызығушылық танытып, өз жобаларын жасауды үйренеді. Құрастыру жауапкершілікті, тәртіпті, қиялды және зейінді дамытады. Сонымен қатар, робототехника балалардың физика, математика және ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін кеңейтеді. Жаңа кабинет барлық қажетті құрал-жабдықтармен, роботтармен, 3D принтермен, бағдарламалармен қамтамасыз етілген және тиісті мамандандырылған жиһаздармен толық жабдықталған.