Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і және Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық “Арнаулы кәсіптік колледжі” студенттерінің арасында “Әр Күн Жаңа Мүмкіндік” атты спорттық эстафеталық сайысы өтті.
Іс-шараға, жастардың жанашырлары Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Азат Сұлтан Бақытұлы мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету” бөлімінің басшысы Кипчакбаева Гүлнұр Бейсенқызы
“Қазақ соқырлар қоғамы” Қоғамдық бірлестігінің өкілі Байымбетова Оразия Қойшыбайқызы, Арнаулы кәсіптік колледжінің директорының міндетін атқарушы Абдиев Нұралы Ануарович қатысты.
Шараның мақсаты — денсаулықтан артық байлық жоқ екендігін насихаттай отырып, лудомания және нашақорлықтың алдын алу, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту.
Іс — шара барысында студенттер 8 — кезең бойынша өзара сайысқа түсіп, әр түрлі бағыттар бойынша бақ сынады. Сайыс соңында қатысқан командаларға алғыс хатпен ынталандыру сыйлықтары табысталды.