Аудандық орталық балалар кітапханасының оқу залында , археолог, этнограф, тарихшы, Қазақ КСР ҒА академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай “Ұлы ғұлама- Марғұлан” атты тарих сағаты ауданымыздың орталығындағы N4 ЖОББМ 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том – том бағалы кітаптар жарияланып, білім қорының молаюына ықпал жасап, кеменгерлердің ең көрнектілерінің бірі – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН.
Әлкей Марғұлан… бұл есімді жеке дара атай алмаймыз. Баянауыл өңірінде туып, ерте есейген Әлекең болашақ даналар: Ұлы Мұхтар, ұлы Қаныш, ұлы Жүсіпбектермен бірге өсті. Кешегі Абай, Шәкәрім мұрасы жол сілтеді. Ленинград қаласында оқып, дана Шоқан өткен жолды көрді. Осылайша Әлекең көп білетін әмбебап ғалымға айналды. Тарихтың, шежіренің сәулет өнерінің, заттық мәдениеттің көзден таса, көңілден ұмыт қалып қойған ескерткіштерін бүкіл саналы өмірінде ерінбей іздеумен болды.
Әлкей Марғұланның аса көрнекті еңбектерінің бірі – оның Манас туралы зерттеуі. Ғұлама ғалымның арқасында қазақтың қайталанбас жұлдызы Шоқан Уалихановтың асыл мұрасы тарихтан лайықты орын алды. Бір ғұлама татарлық осы еңбектің өзі ғана оның есімін тарих тозаңынан тыс ұстай алар еді. Бұл кісі өзінің өмір жолын осы ғылым саласын зерттеуге арнаған жан. Қазақтың алғашқы қарлығаштарының бірі ғана емес, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген талай ғалымдарымыздың ұлағатты ұстазы.
Іс-шара барысында оқырмандарымыз Әлкей Марғұланның өмір жолына, тарих, этнография, археология, фольклористика, сияқты ғылым салаларының дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтерге тоқталып, жеке-жеке айтып, таныстырып шықты.: «Атаның сөзі, көненің көзі» дей отырып Әлкей Марғұланның тірі кезінде жазылып, мұрағатта сақталған, жанды дауысы бар бейнеролик көрсетілді. Тақырыпқа сай кеңейтілген кітап көрмесі жайылып, библиографиялық шолу жасалды.Шара соңында іс-шараға белсенділік танытқан, оқырмандарымыз мадақтамамен марапатталды.
Тарих сағатының мақсаты: Ұлы ғұламаның,тарихшының өмір жолынан мәлімет беру,қызметін таныту, үлгі ету, жасаған ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, археологтың жүріп өткен жолдарымен таныстыру, археологиялық олжаларын оқушыларға жеткізу, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылдың 11 мамырында Ақпекті болысының 2-ші ауылында (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы) дүниеге келді. 1920 жылы ол Павлодардағы мұғалімдер курсын бітіріп, мектепте сабақ береді. Ал 1921 жылы Семейдің педагогика техникумына түсіп, 1925 жылы оны үздік бітіріп шығады.
Сол жылы болашақ ғалым Ленинград институтының әдебиет факультетіне оқуға түседі. Онымен бір мезгілде Ленинградтың өнер тарихы университеті мен институтындағы профессорлар В.В. Бартольдтің, С.Ф. Ольденбургтың, И.Ю. Крачковскийдің, Н.Я. Маррдың, А.Н. Самоиловичтің, В.В. Струвенің, Б.Я. Владимирцевтің, И.И. Мещаниновтың лекцияларын тыңдайды.
Институтты тәмамдаған соң Ә.Марғұлан Қазақ ССР-ының Халық ағарту комитетінде жұмыс істейді. Ал, 1931 жылы Ленинградтағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасына түсіп, А.Ю.Якубовский және С.Ф.Ольденбургтың жетекшілігімен Түркістанның археологиясы, тарихы, өнер тарихына маманданады.
Әлкей Марғұлан 1936-38 жылдары материалдық мәдениет тарихы институтында ғылыми қызметкер, ал 1938 жылдан КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының қызметкері болып істейді. Осыдан бастап оның барлық шығармашылық өмірі КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалымен (кейіннен Қазақ ССР Академиясымен) байланыста болды.
Ол Қазақ ССР Ғылым Академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының 1941-1946 жылдары тарих секторын, 1946-1951 жылдары археология секторын, ал 1958-1976 жылдары этнография бөлімін басқарады.
1943 жылы Әлкей Марғұлан «Историческое значение ярлыков и пайцза» деген тақырыпта тарих ғылымының кандидаттығын, ал 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық аңыздары» деген тақырыпта филология ғылымының докторлығын зор абыроймен қорғап шығады. Ол 1946 жылдан Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, 1958 жылдан академигі, ал 1960 жылдан профессоры атағын алады.
Оның репертуарында 22 эпикалық поэмалар мен эпопеялар болған. Ежелгі заманның аңызға айналған батырларынан бастап, XIX ғасырдағы қазақ батырларына қатысты барлық эпостарды білген.
Жаяу Мұса 1880 жылы өмір естеліктерін жазып, Қазанға жіберген. Қолжазбаға бірнеше тақырыптар кірген: 1) «Бөрібай хақында». Мұнда 45 жастағы Жаяу Мұса баласы туатын кезде інісі Ескендірмен екеуі түн қатып үйіне келе жатқанда жапан түзде қасқыр қамап, сондықтан Бөрібай қояды. Кейінірек Салық аталып кетеді. 2) «Дүние жаратылған оқиғасы». 3) «Кітап Орман илә Олжабай». Осы сияқты қолжазбалар туралы мағлұматтар келтірілген. Сондай ақ, бізге есімдері әлі бұлыңғырлау ақын-жазушылардың әр қолжазбаларынан үзіңді келтіріліп, мазмұндарына түсінік берілген. Мысалы, Қазан университетіне қолжазба кітаптарды аса көп жіберген, әсіресе, Жүсіпбек Шайыисламұлының жіберген 24 қолжазба кітаптарына жеке-жеке тоқталып, түсініктеме беріп кеткен.
Шохан Уәлихановтың таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағы құрастырған үшін(1961-1972) Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ш. Уалиханов атындағы сыйлығының иегері болды.
Әлкей Марғұланның 100 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда және 2007 жылы Алматыдағы Ұлттық Ғылым Академиясының жанында қолдан бюст – ескерткіштер орнатылған.
Баянауыл ауданың Құндыкөл ауылындағы жалпы орта білім беру мектебі және Баянауыл орталығында бір көшеге Ә.Х.Марғұланның есімі берілген.