Home Жаңалықтар БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы-2 көшесінің бойынан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жас бүлдіршіндерге мерекелік тілегін арнады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл жастары спортты жанына серік етіп, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына сенімін білдірді.
Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков аудан көлемінде түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмысарға тоқталып, ізгі тілегін арнады. Спорт ардагері, ауыл қариясы Талымов Жолдасбек игі істі атқарған азаматтар мен нысанға демеушілік танытқан «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнына алғыс айтып, батасын берді.

You may also like

Leave a Comment