44
Бүгін “Түркістан — Түркі әлемінің туризм астанасы” аясында қала тұрғындарымен мен спортшылар арасында веломарафон өтті.
Жарыстың ашылуында алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев шараның мақсатына тоқталды. Қатысушыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спорт шараларының дәстүрлі өткізілетінін жеткізді.
Барлығы 70-ке жуық тұрғын қатысқан бәйгеде велошабандоздар Түркістан Аренасынан бастап, жарыс мәресі- Денсаулық саябағына дейін 7 шақырым жолды жүріп өтті.
Жүлдегерлерге қала әкімінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды.