Қадірлі балалар!
Ардақты ата-аналар!
Сіздерді ең жарқын мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балаларға қамқорлық жасау, дамуына қолдау көрсету – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз!
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында балаларды қорғау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Өңірімізде балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, «Оқушылар сарайы», түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыс істеп тұр. Еліміз бойынша жаңа мектептер ашу жөнінен де өңіріміз алдыңғы қатарда.
Балаларға жағдай жасау үшін облыста нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы оқу жылын облыс оқушылары үлкен жетістіктермен аяқтады. Бұл – біздің өңірде талантты, білімді, жігерлі балалар өсіп келе жатқанының белгісі.
Мектептегі қауіпсіздікті толық шештік. Биыл әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан балаларға ыстық тамақ, киім-кешек, жазғы сауықтыру орындарына жіберу қарастырылды. Бастауыш сыныпта оқитын барлық балалар бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Құрметті балалар!
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыныз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын демекпін.
Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жазғы демалыстарыңыз қызықты өтіп, әрдайым алға өрлей беріңіздер!
Ізгі ниетпен, Түркістан облысының әкімі,
Дархан САТЫБАЛДЫ.