М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жазды қуанышқа толтырайық» атты балаларға арналған мерекелік іс-шарасы өтті. Шара барысында аудандық мәслихаттың және «Amanat» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Уәлихан Ұзақов ата — аналар мен оқушыларды балалар күнімен құттықтады.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Болашақ ұрпақтың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасауға арналған күн. Бұл күнді олардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Осы орайда оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуға, өздерін жеке тұлға ретінде көрсете білуге, өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасау арқылы және бақытты балалық шақты сезіндіру мақсатындағы шарада түрлі жанрда спорттық сайыстар ұйымдастырылып, өнер байқауы өтті. Мерекелік жиында балалар әсем әндерді нақышына келтіре орындап, мың бұралған бишілер өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Салтанатты шарада мектеп директоры Айнұр Сыздықәлі өткен жылдың қорытындысымен аудан көлемінде «Үздік мектеп» атанған оқу ордасы мен шәкірттердің білім және өнер байқауларындағы жетістіктерін атап өтті.
Мұнан соң балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, түрлі ертегі кейіпкерлерінің өнерін тамашалады.
ЖАЗДЫ ҚУАНЫШҚА ТОЛТЫРАЙЫҚ
41
Алдыңғы