Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Оған Түркістан облысынан 13 оқушы қатысты.
Нәтижесінде:
Исахан Жамшид — информатика пәнінен 1-орын, “Білім-инновация” лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
Адилов Шахнұр — биология пәнінен 1-орын, “Білім-инновация лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
Тайрханов Сардорбек — биология пәнінен 2-орын, “Білім-инновация” лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
Сейтжаппар Гүлнұр — химия пәнінен 2-орын, Н.Оңдасынов мамандандырылған мектеп интернатының 8 сынып оқушысы;
Жоянов Ерасыл — информатика пәнінен 2-орын, “Білім-инновация”лицей-интернатының 7сынып оқушысы;
Сарыбек Омар — математика пәнінен 2-орын, “Білім-инновация” лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
Мырзахмет Айбар география пәнінен 2-орын, Ж.Ташенев ЖББМ, 7 сынып оқушысы;
Тұрғара Ерасыл — география пәнінен 3-орын, М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп интернатының 8 сынып оқушысы;
Абдраш Абдинұр — мақтау қағазы химия пәнінен, “Жетісай ауданының мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы;
Ахмаджанов Абдулазиз — мақтау қағазы информатика пәнінен, “Білім-инновация” лицей-интернатының 8 сынып оқушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік олимпиадалық командалар марапатталды:
III орын – «РФММ» КеАҚ, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;
II орын – Алматы қаласы мен Павлодар облысы;
I орын – Астана қаласы, Ақтөбе мен Түркістан облыстары.
Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектептері командасы жеңіп алды.
Айта кетсек, 7-8 сынып олимпиаданың бастапқы кезеңіне 95 282 оқушы қатысса, облыстық кезеңге 9 599 қатысты. Бұл көрсеткіштер жарыстың жоғары деңгейін және маңыздылығын көрсетеді.