50
Әбділда Жүргенбаев 1914 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, қазіргі Мырзабай ахун ауылында дүниеге келген.
Әр жылдарда өткен республикалық ақындар айтысына қатысып, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Кенен Әзірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Құлжабай Төлеуов тәрізді белгілі ақындармен айтысқан.
Жүргенбаевтан «Көрұғлы» дастанының көне нұсқасы, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған.
Шығармалары әр жылдары «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (1966) жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргенбаевтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген.