Home Жаңалықтар БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Daismedia.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні мерекесіне байланысты өткізілген «Аудандық патриоттар форумы» Шаян ауылына кіре беріс «Қобыз» түғырынан ауданымыздан шыққан спорт саласында үлкен жетістікке қол жеткізген спортшылардың Ту көтерген автошеруімен басталды.
Автошеру Шаян ауылының Т.Рысқұлов көшесімен жүріп өтіп, Қазақ күресінен Әлем чемпионы, Әлем кубогының жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қасымхан Төленбай, Қазақ күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрсейіт Қаңлыбай, Қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Қасымбекұлы, Қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Ерназар Сіргебайлардың М.Әуезов көшесімен «Тәуелсіздік» алаңына дейін Ту ұстап жүгіріп өтуімен жалғасты. Көше бойында тұрған аудан тұрғындары Бәйдібек ауданының атын Әлемге танытып жүрген чемпиондарға қол соғып қошемет көрсетті.
Көк байрағымыз биікте желбіреп, әнұранымыз асқақтап, кемел келісім тапқан, Елтаңбасы елдігімізді танытқан, Тәуелсіз еліміздің жарқын мерекесі – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні» аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында аталып өтті.
Алдымен Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, спорт шебері Айдар Нарбек, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қалабай Қасқатай жеңімпаздар құрметіне алау тұтатты.
Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен аудан тұрғындарын құттықтады. Одан соң, елімізді, ауданымызды әлемге танытып жүрген спорт және өнер саласында жүрген азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.
Мереке аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы патриоттық әндермен жалғасты.

You may also like

Leave a Comment