Home Жаңалықтар 4 МАУСЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ: «АУЫЛЫМ-АЛТЫН БЕСІГІМ»

4 МАУСЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ: «АУЫЛЫМ-АЛТЫН БЕСІГІМ»

Daismedia.kz

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Майдантал ауылдық округінде «Ауылым-алтын бесігім» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, аудандық мәслихат депутаты Арслан Раматуллаев, аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова қатысты.

Жиынды Майдантал ауылдық округінде арнайы өткізіп отыруының арнайы себебі бар. Олай дейтініміз ауылдың табиғаты керемет таулы аймақтардың бірі. Шараның аты айтып тұрғандай, қазақы дәстүрлеріміз кеңінен дәріптелді. Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгімелер айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады.

Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын кеңінен насихаттау туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Өскелең жастарымыз қашанда «Үлкенге құрмет — кішіге ізет» көрсете отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу қажеттігі айтылды.

You may also like

Leave a Comment