Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Daismedia.kz

Құрметті түркістандықтар!
Қадірлі жерлестер!

Сіздерді 4 маусым – Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба – тәуелсіздігіміздің дәлелі. Мемлекетіміздің айбары.

Бүгінгідей керегеміз кең, тереземіз тең заманда күн кешуіміз – Тәуелсіздік сыйлаған тыныштық пен тұрақтылықтың арқасы. Ал, Тәуелсіздікті сақтау, қадір-қасиетіне жету Мемлекеттік Рәміздерімізге деген құрметтен басталатыны айқын.

Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы. Сондықтан біз жас ұрпаққа Мемлекеттік рәміздердің мәнін ұқтырып, маңызын түсіндіре білуіміз керек. Әр қазақ Әнұранын шырқап, көк Туын қадірлесе, еліміздің еңсесі биік болатыны анық.

Көк байрағы желбіреген, Әнұраны асқақтаған, айбынды Елтаңбасы бар Қазақ елі жасай берсін! Еліміз аман, халқымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Дархан САТЫБАЛДЫ,
Түркістан облысының әкімі.

You may also like

Leave a Comment