1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Арыс қаласында облыстық «БАЛДӘУРЕН — 2024» жас әншілер байқауы өтті.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, оларды отансүйгіштікке баулуға, ұлттық рухта тәрбиелеп, эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдауға бағытталған байқауға облысымыздың әр аудан, қаласынан келген жас таланттар қатысты.
Байқауда Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінің «орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы Мақсат Айтжанов, композитор, «VIА АR — BAND» вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі Шахизинда Алимбетов қазылық етті.
Қазылар алқасы әр үміткердің ән орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, сахналық киім үлгісі мен сахна мәдениетіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде иегері- Сайрам ауданынан Нұрғали Нұрбек.
І орын иегері – Түркістан қаласынан Елдос Бақдәулет.
ІІ орын иегерлері– Ордабасы ауданынан Әлайдар Кәусар, Түлкібас ауданынан Амирбек Аңсар.
ІІІ орын иегерлері – Сарыағаш ауданынан Қанжарбек Балсезім, Жетісай ауданынан Жаңабай Нұрқадір.
Бұдан бөлек, үздік өнер көрсеткен қатысушы үміткерлерге арнайы жүлделер табысталды.