Home Жаңалықтар БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ОРАЙ КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ОРАЙ КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Daismedia.kz

Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекенінде балалар ойын алаңының ашылу салтанаты болып өтті. Шараға ауыл әкімі Тахир Абдаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт алаңы ауыл халқының игілігіне қызмет ететінін айтты. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары, кәсіпкерлері осындай игі істің басы қасында жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді.

Ашылу салтанатына орайластырып, жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында кіші футболдан Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің кубогы ұйымдастырылды. Оған аудан аумағынан 10 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Жарыс нәтижесі бойынша Жаңа Иқан командасы (жаттықтырушысы Шахрух Юлдашев) жеңімпаз атанса, Ескі Иқан ауылынан келген «Иқан жастары» (жаттықтырушысы Жамшид Абутаиров) екінші, М.Юлдашев атындағы спорт мектебі командасы (жаттықтырушысы Хурсан Адаханов) үшінші орынға ие болып, кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.

“Мектеп Жана Икан” ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мейірбек Әсетов үздік төреші атанса, Нурбах Абдукаримов (Жаңа Иқан) үздік сүрмерген, Асатбек Юлдашев (“Иқан жастары”) үздік шабуылшы, Чинорбек Умрханов (М.Юлдашев атындағы спорт мектебі) үздік қақпашы номинациясына ие болды.

You may also like

Leave a Comment