Home Білім ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1704 ТҮЛЕК “АЛТЫН БЕЛГІ” ТӨСБЕЛГІСІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1704 ТҮЛЕК “АЛТЫН БЕЛГІ” ТӨСБЕЛГІСІ МАРАПАТТАЛДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облысында 11 жыл үздік оқыған түлектерге өздері оқыған білім ордасында “Алтын белгі” табысталды. 2023 -2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек “Алтын белгі” иесі атанды. Сондай-ақ 2400 оқушы “Үздік аттестат” алды.

Айта кетерлігі, биыл мемлекеттік қорытынды емтихан 9 сынып оқушылары үшін 29 мамырдан бастап, 10 маусым аралығында жүргізілді. Ал, 11 сынып оқушылары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында қорытынды емтихандарын тапсырды.

You may also like

Leave a Comment