Home Мәдениет ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНА 85 ЖЫЛ

ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНА 85 ЖЫЛ

Daismedia.kz

Қазақстан Жазушылар одағы — ел әдебиеті мен мәдениетінде, сондай-ақ оның тарихында ерекше орны алатын киелі орда.
Қазақстан композиторлар Одағы — республика композиторлары мен музыкатанушыларының ерікті шығармашылық одағы. Негізгі мақсаты — одақ мүшелерінің идеялық, кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ету; ұлттық, классикалық және осы заманғы музыка өнерінің озық дәстүрлерін дамытып, насихаттау.

Биыл қазақ кәсіби музыкасының тұрақтап дамуына, кешегі халық мұрасын бүгінге дейін жеткізіп, тарихы қазақ халқының өмірімен тығыз байланысып жатқан Қазақстан Композиторлар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр.

Композиторлар одағы қазақ кәсіби музыкасының тұрақтап дамуына арқау болып келе жатқан бірден бір ұйым. Тарихы еліміз бен халқымыздың өмірімен тығыз байланысты. Барлық қазақ музыкасының нотаға түсіріліп, сақталуы — осы ұйымның істеген ісі. Сондықтан бұл мерейтой — барлық классикалық қазақ музыкасының мерейтойы болып саналады. Классикалық музыка, басқа музыка жанрларына қарағанда бәсекеге қабілетті, сондықтан да оның өмірі мәңгілік бола бермек.

Қазақстан композиторлар одағы 1939 жылы қарашаның 3-і күні қазақстандық композиторлар Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбан­ов, Евгений Брусиловский, Ла­тиф Хамиди, Сергей Шабель­ский мен Борис Ерзакович бі­рі­гіп құрған болатын.
Кейіннен 1959-1960 жылдар аралы­ғын­д­а Қазақстан Композиторлар ода­ғына М. Төлебаев төрағалық еткен болатын. Алғашқыда бұл ме­кеме еліміздегі композитор­лар мен сазгерлердің жұмысын ұйым­дастырып, шығармаларын ел­ге таныту мақсатында құрыл­ған болса, ал 1957 жылы оның атауы Ұйымдастыру коми­те­тінен Қазақстан Композитор­лар Одағы болып өзгертілді. Одақ­тың алғашқы төрағасы бо­лып Евгений Брусиловский сай­ланған болатын.

Одақты әр жылдары КСРО Халық әртістері Қ. Қожамияров, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев сияқты белгілі тұлғалар басқарды. Осы аралықта 52 опера, 17 балет қойылымы, сондай-ақ бірталай симфония, оратория, кантата, аспаптық музыка, романстар мен әндер дүниеге келді. Бүгінде Қазақстанда 3 опера және балет театры, 7 симфониялық оркестр, 18 халық аспаптар оркестрі бар десек, олардың репертуары негізінен ел композиторларының үздік шығармаларынан тұрады. Қазақ композиторларының туындылары қашанда ел тағдыры мен халықтың қуаныш-мұңының рухани айнасы болып табылады.

2007 жылдан бері одаққа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитор Балнұр Балғабекқызы Қыдырбек төрағалық етіп, қазақстандық композиторлар мектебінің мәртебесін арттыруға едәуір тер төкті. Осы жылдары отандық авторлардың шығармалары ел ішінде, ТМД және шет елдерде орындалып, заманауи туындылармен тыңдарманын тәнті етті.

Шығармашылық иелерінің сьезінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, композитор Серікжан Құтымбетұлы Әбдінұров ұжымның төрағасы болып сайланды. Жаңа төрағаның қоржынында «Көк бөрі аңыздары» балеті, «Аппақ» және «Махаббатым менің» опералары, «Керей-Жәнібек», «Ұлы шеру» симфониялық дастандары, «Сақтар», «Бәйге» симфониялық күйлері және вокалдық, аспаптық шығармалар мен бірталай әндер бар.

Ұйым Жарғысына «Құрметті төраға» белгісі енгізіліп, бұл лауазымға композитор Балнұр Қыдырбек лайық деп табылды.

Қазақстан музыкасы — Қазақстанның музыка өнері мен музыка индустриясы.

Қазақстан халықтарының бірегей, терең шынайы дәстүрлерінің қалыптасу және дамуы арқылы ұзақ тарихи процестердің нәтижесінде жеткен музыкалық мәдениетінің бай музыкалық мұрасы. Бұл тұжырымдама қазақ халқының музыка өнерін, XVI-XXI ғасырлардағы қазақ және қазақ жерін мекендеген басқа ұлттар композиторларының шығармалары, романстары, шығармашылық еңбектерін біріктіреді.

Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.

Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.

Қазақстан Жазушылар Одағы 1934 жылы құрылып, алғашқы басқарма төрағасы болып Ілияс Жансүгіров сайланады. Ғасырға жуық кезеңде одақты — Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Ғабит Мүсірепов, Жұбан Молдағалиев сынды қазақтың алып та кемеңгер тұлғалары һәм басқа да белгілі ақын-жазушылар басқарды. Олар ұлттық құндылықтармызды дәріптеп, халқымыздың жоғын түгендеу жолында талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткерді.
Ал, қазір бұл құтты мекенді аға буынның ізін басып, ісін жалғаған көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет басқарып отыр. Қазақ руханияты мен мәдениетінің марғасқалары қызмет еткен одақ ұлтымыздың рухани жаңғыруына сүбелі үлес қосып, елдігімізді таныту жолында тынбай еңбек етіп келеді.
Жазушылар одағы бүгінде 800-ден астам қаламгердің басын біріктіріп отыр. Ал қазір оның құрамына көптеген жас қаламгер қосылған. Сондықтан кез келген жазушыға ерекше құрметпен қарайтын көпшілік бұл ұйымнан әрқашан медеу болар мінез бен демеу болар сөз күтетіні рас.

1934 жылы маусымда халық өнер қайраткерлерінің I слеті болды. Домбыра ансамблін есепке ала отырып, Қазақ ОАК-нің төралқасы «Ағарту халкомы жанынан халық өнері қайраткерлерінің I слетіне қатысушылардан халық аспаптарының ұлттық оркестрін құру… Оркестрді республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосу туралы» қаулы қабылдады. Оркестр құрамына техникум студенттерімен катар халық музыкасының шеберлері енгізілді. Дирижері және көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды.

1935 жылы осы оркестрдің негізінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармония республикадағы музыкалық-концерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады.

1936 жылы мамырда Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. 23 мамырда Үлкен театрда өткен қорытынды концертте партия мен үкімет басшылары қатысты. А.Жұбанов басқарған оркестр өзінің ең таңдаулы шығармаларын орындады. 1936 жылы 3 қарашада Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысымен А.Жұбановқа және солист әншілер У.Қабиғожин мен Л.Мұхитовқа республикаға еңбек сіңірген әртіс атағы берілді.   А.Жұбанов оркестрге орыс және шетел классикасын, М.И.Глинканың «Руслан мен Людмила», П.И.Чайковскийдің «Қарғанын мәткесі», Ф.Шуберттің «Музыкалық сәт» операларынан үзінділер енгізді. 1938 жылдың қазан айынан бастап оркестрге Латиф Хамиди жетекшілік етті.

Сөйтіп, 30-жылдардың соңына дейін Қазақстанның көсіпқой музыка өнері даму үстінде болды. Білімді қорландыру, дарынды орындаушыларды анықтау, музыкалық ұжымдар үшін талантты жастарды таңдап алу жұмыстары жүргізілді. 30-жылдардың соңына қарай республикада қалыптасқан кәсіпқой музыкалық мәдениетте Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің өзіндік белгілері әлі де сақталған болатын.

Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері Күләш К.Ж.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Б.Үмбетбаев, М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.
Қазақтың музыка мәдениеті аясында музыкатану ғылымы да қанатын кең жайды. Затаевич, Жұбанов, Ерзакович, Н.Тифтикиди, И.Дубовский, Ю.Аравин,М.Ахметова секілді аға буын ғалымдардың Қазақ музыкасын зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Қоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты.
Бүгінде Қазақ музыкасы –аяғына нық тұрған, әлем мәдениетінде өзіндік орны айқындалған өнер саласына айналды.

Қазақстан композиторлар одағы – еліміздің дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиесіне зор рухани, мәдени және музыкалық үлесін қосып келе жатқан алдыңғы қатарлы шығармашылық ұйымдардың бірі. Заманауи композиторлар жоғары кәсіби деңгейді сақтауға, композиторлық техниканың жаңа құралдарын меңгерген дарынды жас әріптестерін қолдауда үлес қосып келеді.

You may also like

Leave a Comment