Қазақта аты шыққан сыршыл композиторлар мен әншілер жеткілікті. Соның ішінде қазақ сахнасынан ойып тұрып орын алған, музыка әлемінде өзіндік кредосы бар Халық әртісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мансұр Сағатов тірі болса, биыл қаңтарда 85 жасқа толар еді.
Мансұр Сағатов 1939 жылы 2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Сағат – ауылда есепші болып қызмет атқарып жүріп, Ұлы Отан соғысына аттанса, анасы Дархан жастайынан жесір қалып, колхозда еңбек етіпті. Анасының өнерге деген ықыласы ерекше болыпты. Көркемөнерпаздар үйірмесіне мүше болып, кейін Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш Баян сұлу» рөлін сомдаған. Мағаз атты інісі болған. Мансұр Сағатұлы Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектебінің флейта класында оқыған. 1963 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған 1963-1974 жылдары Қазақ радиосы музыкалық редакциясының редакторы, бас редакторы, директоры қызметтерін атқарды. 1974-1986 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігі жанындағы репертуарлық-редакциялық бөлімнің музыка жөніндегі аға редакторы болды. Мансұр Сағатовтың шығармашылық жолы студенттік кезден басталады. Сол жылдары ол шекті аспаптар квартеті үшін сюита, виолончель мен фортепианоға арналған экспромт, қазақтың халық әні «Ләйлімнің» негізінде вариациялар жазыпты.
1993 жылы КНК Құрманғазы атындағы «композитор, теориялық пәндердің оқытушысы» бойынша бітірді. Композитор, КСРО халық әртісі, профессор Жұбанова Г. А-ның сыныбында камералық ансамблінің мамандығы солисі бойынша оқыды.
Ал 1995 жылы Құрманғазы атындағы КНК аспирантурасын «композитор, ұстаз» біліктілігімен бітірген. Композитор, Қазақ КСР халық әртісі, профессор Бычков А. Б. сыныбында болды.
1994-1996 жылдары — Республикалық Жүсіпбек Елібеков атындағы цирк колледжінің оқытушысы. 1996 жылдан бастап — Қазақ ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының Аспаптық орындау факультеті, жалпы фортепиано кафедрасының аға оқытушысы болды. 1997 жылдан бастап Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.
1994 жылы консерваторияда екінші курсында танымал « Үркер» поп-тобын құрды.
Топтың репертуары қазақ және орыс тілдеріндегі жеке әндерінен тұрады. Топтың көптеген хиттері: Наурыз, Жаным, Саулемай, Мен жаныңда боламын, Махаббат Әні, Сен, Қасымда болатын жан және т.б. композитор Айдос Сағат ақындармен бірлесіп Германия, Франция, Түркия, Түркіменстан, АҚШ, Ұлыбритания, Гонконг, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстанда өнер көрсетті.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 2013 жылы БҰҰ-ның Қазақстандағы ізгі ниет елшісі болды.
Симфониялық оркестрге арналған «Мерекелік увертюрасын», «Мерген» симфониялық күйін, «Мемориал» атты симфониялық сюитасын, «Диалогтар» поэмасын, «Ақын толғауы», «Мерекелік кантата», «Достық елі» кантаталарын, «Әлия» атты екі актілі балетін тағы басқа көркемдік деңгейі жоғары шығармалар жазды. Композитордың «Туған ел», «Алматым менің», «Бақыт құсы», «Той кеші», «Мені ізде», «Кел, биле!», «Кешегі арман – он жеті» сияқты көптеген әндері мен романстары – халық арасына кең тарап, жұртшылықтың көңілінен шыққан туындылар.
Алатау баурайында бой көтерген әсем қала Алматы туралы жырламаған ақын, әуенге қоспаған сазгер жоқ шығар. Талай жандардың шаттығы мен қуанышына куә болған Алматыға арналған әндердің бірі — «Алматым менің». Бұл әннің авторы сазгер Мансұр Сағатов, ал сөзін ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған.
«Алматым менің» әні табан асты дүниеге келген әндердің қатарына жатады. 1972 жылы жазылған. Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында сазгер, жары Халила мен екі жасар ұлы Айдос (әнші Айдос Сағатов) үшеуі Алматыдағы Төлебаев көшесінің бойымен қыдырып келе жатады. Кешқұрым уақыт. Айнала ақ қарға оранған. Жары мен ұлы қар ойнап, сырғанақ теуіп жатады. Ал сазгер болса, нағыз өнер иесі ретінде ары-бері жаяу жүріп, ыңылдап келе жатады. Бір кезде жарына: «Тезірек үйге қайттық! Мен мынаны жазып алуым керек, болмаса есімнен шығып кетеді» деп дереу үй жаққа қарай беттейді. Үй табалдырығын аттаған бойда сазгер бірден күйсандыққа отырып, әсем әуенді дүниеге әкеледі. Телефон тұтқасын алып, ақын досы Нұрсұлтан Әлімқұловқа хабарласады. «Нүке, менде жаңа әуен шықты. Бұл әнді Алматыға арнағым келеді. Мәтін осыған байланысты болу керек» деп ақын-досына өлең жазып беруін сұрайды. Әңгіме соңында ол: «Арасында «Қыз Жібек пен Баяндай» деген сөздер болуы керек» деп айтады. Көп ұзамай мәтін дайын болып, «Алматым менің» әні дүниеге келеді.
Мансұр Сағатов дәл сол кезде радиода бас редактор қызметін атқарған. Әнді Александр Гурьянов басқарған эстрада-симфониялық оркестр сүйемелдеуімен сол кезде жаңадан танылып келе жатқан жас әнші Ескендір Хасанғалиев орындайды. Сазгер мен әнші жерлес бауырлар, бұрыннан бері жақсы достар әрі әріптестер болатын. Бір күні сазгер Ескендір Хасанғалиевтің кабинетіне келіп, пианино сүйемелдеуімен жаңа әнді орындап береді. Әншіге бұл ән қатты ұнағаны соншалықты, сазгерден әдемі әннің алғашқы орындаушысы болайын деп өзі ниет білдіреді. Көп ұзамай ән жазылып, радиодан беріле бастайды. Халық жаңа әнді жылы қабылдайды. Кейін ән мәтінінің орысша нұсқасын ақын Георгий Брегин жазады. Әннің орыс тіліндегі нұсқасын тұңғыш болып Лаки Кесоглу орындайды.
КСРО құрылғанына 50 жыл толуына орай бүкілодақтық туған өлкеге арнау ән-жырлар байқауы жарияланады. Әділқазылар «Алматы менің» әнін жоғары бағалап, 1973 жылдың 11 қаңтарында Мәскеу қаласында «Алматым менің» әніне жазылған сөзі үшін Нұрсұлтан Әлімқұловты құрмет грамотасымен марапаттайды.
Туған жерге арналған «Алматым менің» әуезді әні 70-80 жылдардағы Алматыны бейнелейтіндей. Қырық жыл бұрын жазылған әнді қалың көпшілік кімнің орындауында болмасын әлі күнге ерекше сүйіп тыңдайды.
Музыкалық жетістіктері де жетерлік.
1989 жылы Орта Азия республикаларында (Қырғызстан) пианисттер байқауының лауреаты атанды. 1993 жылы Қазақстанның музыка өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Мәдениет арқылы Бейбітшілік» сыйлығының лауреаты,
1994 жылы «Жас қанат» республикалық эстрадалық байқауының лауреаты (Қазақстан), 1998 жылы Түркітілдес елдердің поп-музыкасы байқауының лауреаты (Түркия) атанды. 2000 жылы «Жылдың үздік поп-тобы» сыйлығының иегері (Қазақстан), 2006 жылы «Үздік кино композиторы» сыйлығының лауреаты, «Алтын батыр» халықаралық кинофорумы (Ресей), 2008 жылы EuroFolk байқауында European Champion of Folk сыйлығының лауреаты (Болгария) атанды.
Мәдениет және өнер саласындағы екі рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің стипендиясының иегері.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы жарлығымен өнер саласындағы қызметтері үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мансұр Сағатов тек музыка саласына ғана емес «Қазақфильмінің» дамуына да өзінің сүбелі үлесін қосқан қайталанбас нар тұлға. Ол Ақ Жайық өңірінде түсірілген «Қыз Жібек», «Домбыраға қол соқпа» т.б фильмдерге әрлеуші музыка жазған. Сазгер 2002 жылы бақилық болады. Дүние салғаннан кейін араға алты жыл салып Алматы қаласындағы «Алты Алаш» ықшамауданының көшелеріне атау беру туралы төртінші сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 14 шілдедегі бірлескен қаулысы негізінде «Алты Алаш» ықшамауданы көшелерінің біріне Мансұр Сағатовтың есімі берілді.