Home Бизнес ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗҒАН 178 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗҒАН 178 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Daismedia.kz

Тұтынушылардың құқықтарын бұзған 178 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында брифинг өткізді.

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2024 жылдың 5айында 701 өтініш келіп түскен.Әрбір өтініш бақылауда. Оның 177-і жазбаша, 221-сы жедел желі арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 118 өтініш. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» және «Сауда қызметін реттеу» туралы Заңдарының бұзған 178 кәсіпкерлерге «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексіне сәйкес, ескерту және 409 902 теңге айыппұл түріндешара көрілді. Нәтижесінде облыс тұрғындарына 36 млн теңгеден астам қаражат қайтарылғаны туралы, департамент басшысының орынбасары Әшімханоа Асқар Әшімханұлы айтып өтті.
Өтініштердің көпшілігі бөлшек сауда саласында. Жалпы алғанда, өңір тұрғындарын бөлшек саудада сапасыз тауарлар сатып алу кезінде туындайтын мәселелер, тауарды айырбастау және қайтару мәселелері, тұрмыстық қызметтерді сапасыз ұсыну, жиһаз дайындау және жөндеу бойынша қызметтерді сапасыз көрсету мәселелері көбірек алаңдатады. Мысалы бір тұтынушы 10 990 мың теңгені «JAC js4 intelligent» сапасыз автокөлігі үшін ақшаны қайтарғысы келсе, ал басқа тұтынушы 1500 теңге тұратын сапасыз ойыншық үшін ақшаны қайтарғысы келеді. Департамент халықтың шағымдарын мұқият талдайды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді.
Жалпы өтініштердің 90% астам қанағаттандырылды. Тұтынушылардың өтініштері негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне 170 аса әкімшілік іс-қозғалып. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып ескертулер және айыппұлдарсалынды.
Департамент тарапынан халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында бес айда 65 аса ақпараттық-түсіндіру сипатындағы іс-шара өткізілді. Оның ішінде тікелей эфирлер, теледидарда сөз сөйлеу, жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстелдер, және т. б. Департамент www.instagram.com/dtzpp_turkestan/ және Facebook әлеуметтік парақшаларын белсенді жүргізуде, онда сәйкесінше 2000-нен аса ақпараттық және түсіндіру сипатындағы материал орналастырылған.
Тұтынушылардың құқығын бұзудың алдын алу мақсатында төмендегі кеңестер ұсынылады:

– тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік мерзімі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты мұқият зерделеу;
– сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты талап етуге;
– сатушының байланыс деректері және тауарды айырбастау/қайтару шарттары туралы ақпарат берілмеген күмәнді интернет-ресурстарда тауарға тапсырыстарды жүзеге асырмауға;
– тұтынушылар құқығының бұзылу фактісін дәлелдеу үшін фото-және бейнетіркеу жүргізу.
Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.

You may also like

Leave a Comment