Құрметті әріптестер!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – абыройлы іс, мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Бұл қызмет кәсібилікпен қатар, адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттеген «Әділетті Қазақстанды» құру – біздің азаматтық парызымыз. Ел экономикасын көтеру, өңірді дамыту, бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру жолында бірге аянбай еңбек ететінімізге сенімім мол.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының барлық әкімдіктері мен басқармалары, мемлекеттік құрылымдарында 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметші өңірдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ел үшін еткен еңбек табысты болсын! Қазақстан қарыштап дами берсін!
Дархан САТЫБАЛДЫ,
Түркістан облысы әкімі.