Home Жаңалықтар ТӨЛЕБИДЕ АУДАНДЫҚ «САЗ ӘЛЕМІ» ӘН ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ТӨЛЕБИДЕ АУДАНДЫҚ «САЗ ӘЛЕМІ» ӘН ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Daismedia.kz

Ән-ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы.
Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармалары бүгінгі жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, білімге өнерге құштарлығын қалыптастырады.
Осы орайда, 28 – МАУСЫМ Көксәйек ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданынан шыққан композиторлардың шығармаларын халық арасында кеңінен насихаттау, танымал болған және өзге де сирек орындалып жүрген шығармаларын жарыққа шығару, жастарды отансүйгіштікке баулу, ән өнерін дамыту, ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Саз әлемі!» аудандық жергілікті композиторлардың әндерінен өтіп жатқан ән фестивалі өтті.
Фестивальге алдын – ала іріктеуден өткен 8 үміткер қатысып, қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже бойынша арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І – ОРЫН – Кенжеәлі Кәусар (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі)
ІІ – ОРЫН – Абай Таңшолпан (Момынай ауылдық клубы)
ІІІ – ОРЫН – Нұрлыбай Айсұлу (Зертас ауылдық мәдениет үйі)
ІІІ – ОРЫН – Гүлзат Сатылханова (Аудандық мәдениет үйі)

You may also like

Leave a Comment