Home Жаңалықтар «ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ» ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ» ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Daismedia.kz

Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымластыруымен 26-маусым “Нашақорлыққа қарсы күрес” күніне орай облыстық “Шаттыққа толы шаңырақ” атты отбасылық сайысы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты — Отбасындағы ата-ана мен баланың рөлін айқындау, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру сонымен қатар ұлттық, мәдени мұраламызды насихаттау болды.

Байқауды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы ашып беріп, қоғамдағы отбасы роліне тоқталды.

№8 Т.Бегманова атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырылған сайысқа Түркістан облысына қарасты аудандардан жиналған 11 команда қатысып өзара жүлдені сарапқа салды. Аталмыш сайысты Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысының орынбасары Маханбеталиева Жансая Өмірәліқызы ашып беріп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысушы отбасылардың отағасылары, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, олардың отбасындағы түрлі мәселелерді шешуге бағытталған шаралар жасалып жатқандығы қуантатынын жеткізді. Бұл сайыстың да жас отбасылар үшін тәрбиелік мәні зор екендігін айтуға болады.

Жарыс нәтижесінде қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсіп, жүлделі орындар анықталды.
1-орынды “Созақ” ауданының командасы,
2-орынды “Шардара” ауданының командасы,
3-орынды “Келес” ауданының командасы қанжығаларына байлады.

You may also like

Leave a Comment