76
Биыл дәстүрлі халықаралық IGeO-2024 олимпиадасы Ирландия мемлекетінің Дублин қаласында өтті. Әлемнің 50 елінен келген 200-ге жуық қатысушының арасынан зияткерлер олжалы оралды.
Байқау нәтижесінде химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Арсен Сыдыков пен Қанат Серікбай қола медаль иегерлері атанды.
Айта кетейік, жақында Сербияның Капаоник қаласында өткен географиядан Х Еуропалық олимпиадада Арсен Сыдықов алтын, ал Қанат Серікбай күміс медальдерге ие болған.Сондай-ақ зияткерлер басқа да халықаралық және республикалық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп келеді.