Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ» ҰРАНЫМЕН ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ» ҰРАНЫМЕН ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Daismedia.kz

Түркістанда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен ашық біріншілік аяқталды.

Спорттық шараға Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан келген 300-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қалалық «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев құттықтап, арнайы алғыс хат пен кубоктарын табыстады.

— Үстел теннисі – пайдасы мол спорт. Ақыл-ойды сергітіп, мидың саулығын сақтайды. Шапшаңдық арқылы буындарға да жақсы әсер береді. Бұл спорт түріне жастардың қызығушылық танытып, сайысқа қатысып жатқанына қуаныштымын. Жас спортшыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін, — деді Әнуар Сәрсенбаев.

Сайыс қорытындысы бойынша 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында Түркістан қаласы 8 медаль, Шымкент қаласы 15 медальды иеленсе, Қызылордалық спортшылар 4 медальды қанжығаға байлады. Сарыағаш қаласы, Созақ пен Сауран аудандары бір-бір жүлдені місе тұтты.

You may also like

Leave a Comment