54
Түркістан облысында 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері. Сонымен қатар 100 жастан асқан 60 қарт азамат тұрады. Оның ішінде жасы ең үлкені – Жетісай ауданының 110 жасқа толған тұрғыны Бегбаева Унгай.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі кең көлемде аталып өтеді. Түркістан облысының орталығы мен аудан, қалаларда да салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Өңірдің белсенді, елге еңбегі сіңген ардагерлері Түркістанға саяхат жасап, арнайы мерекелік жиындарға қатысты.