Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 2 ТУРНИРДЕН 11 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 2 ТУРНИРДЕН 11 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Daismedia.kz

Ақтау қаласында бокстан ересектер арасында Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған XVI халықаралық турнир аяқталды. Апта бойында ринг көркін қыздырған боксшылар бәсекесінде Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетті.
Тартысты өткен жекпе-жектер нәтижесінде 48 келіде Нұрғиса Тұрабеков пен 86 келіде жұдырықтасқан Бекболат Әбдікерім барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты. Ал 60 келіде Арслан Жолдасбаев пен 71 келіде Темірхан Тезек қола медальді қанағат тұтты.

Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған 43 халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Биыл жоғары дәрежеде ұйымдастырылған бокс додасында Қазақстан ұлттық құрамасының үздік былғары қолғап шеберлері қатысып, өз шеберліктерін байқап көрді.

You may also like

Leave a Comment