64
Бүгін республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті. Екі күн бойы еліміздің әр өңірінен келген 18 үміткер бақ сынады. Салтанатты марапаттау рәсімінде қатысушылардың өнері бағаланып, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз марапатталды.
Әділ қазылар шешімімен Қостанай облысынан келген Айдар Жазықпаев Гран-при иегері атанды. Жүлделі І орын Маңғыстау облысының қатысушысы Луиза Нұрқуатқызына, жүлделі ІІ орын Алматы облысынан келген Үби Досжанға, жүлделі ІІІ орын Солтүстік Қазақстан облысының үміткері Әбілдә Махамбетәлиге бұйырды. Ал Түркістан облысынан қатысқан Ерік Төленов пен Мейірімхан Назарханов, қарағандылық Қуандық Шалқарұлы, Жетісу облысынан Ақбота Сабыржанова байқау дипломаттары атанды.