Home Жаңалықтар АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗ ГРАН ПРИ ИЕЛЕНДІ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗ ГРАН ПРИ ИЕЛЕНДІ

Daismedia.kz

Астана қаласында Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсы өз мәресіне жетті. Ән додасында Түркістан облысынан қатысқан «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің талантты солисі Жомарт Асыл бас бәйгені еншіледі.

Жалпы 50-ден астам өтінім түсіп, олардың ішінен іріктелген 16 қатысушы қазылар алқасы алдында өнер көрсетті. Екі кезеңнен тұратын ән байқауында қатысушылар классикалық және заманауи туындыларды орындап, шеберліктерін ортаға салды. Байқау Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық ҚаҺарманы, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық және әлемдік мәдениеттің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғыртуға бағытталған.

You may also like

Leave a Comment