Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ТЕАТР – ӨМІР АЙНАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ТЕАТР – ӨМІР АЙНАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Daismedia.kz

Ордабасы ауданында «Театр – өмір айнасы» облыстық Халықтық және Үлгілі театрлар байқауы өз мәресіне жетті. Театр байқауына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов арнайы қатысып, жарыс қатысушыларыныңа ізгі тілегін білдірді.

Үш күнге созылған байқау барысында 17 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан, қалалардан келген театрлар өзара бақ сынады. Байқау мақсаты – театрлардың репертуарында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, патриоттық рухты оятатын жане заманауи шығармалардын орын алуына, сонымен қатар театрлардың өнерін насихаттау, бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттарын өткізу жане шығармашылық байланыстарды нығайтуға ыкпал ету.

Байқауда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының режиссеры Бекболат Құрманғожаев, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының бас суретшісі Бақыт Сраилов, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрының директоры Арман Алиев, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, мәдениет саласының ардагері Құрманәлі Жылқыбай қазылық жасады.

You may also like

Leave a Comment