Home Жаңалықтар САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТҮЛКІБАС ТӨРІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНЫП, МАРАПАТТАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТҮЛКІБАС ТӨРІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНЫП, МАРАПАТТАЛДЫ

Daismedia.kz

2024 жылдың желтоқсан айының 13-14 күндері аралығында Түлкібас ауданының спорт саласының еркін күрес спорт түрінің дамуына елеулі үлес қосқан Дәулетқұлов Әзімхан Күмісбекұлын және Жумагулов Ерлан Нұрланбекұлын еске алуға арналған еркін күрестен 2013-2014 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының ашық турнирі өтті.

Жарысқа Түркістан облысының аудан және қалаларынан келген 350-ге жуық жас палуандар боз кілемде бақтарын сынады.

Осы турнирде ауданымыздағы «Ақсу Жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірттері жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, барлық қарсыластарын боз кілемде жыққан Анартай Жанбол 48 келі салмақ дәрежесінде I-ші орынға ие болса, 48 келі салмақ дәрежесінде тағы бір шәкіртіміз Сардар Бабаханов II-ші орынды еншіледі.

Жас палуандарды жарқын жеңісімен құттықтаймыз.

You may also like

Leave a Comment