Home Жаңалықтар ҚАЗАҚ КСР-ІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ-ЗОЯ СЕРГЕЕВНА КЕДРИНАНЫҢ ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ

ҚАЗАҚ КСР-ІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ-ЗОЯ СЕРГЕЕВНА КЕДРИНАНЫҢ ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ

Daismedia.kz

Зоя Сергеевна Кедрина -(31.8.1904 жылы 31ші тамызда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Аудармашы, филология ғылымының докторы (1974).
1981 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
1974 жылы Қарақалпақстан АКСР-інің еңбек сіңірген қайраткері, , филология ғылымының докторы.
1938 жылы Мәскеу әдебиет институтын бітірген.
1931 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматыдағы Ұлттық орталық кітапханада қызмет істеді.
М.О.Әуезов, І.Жансүгіров, т.б. жазушылардың еңбектерін зерттеп, алғашқы аударма, ғылыми мақалаларын жарыққа шығарды. Жансүгіровтің «Дала» поэмасын, Б.Майлин, Т.Жароков, т.б. ақындардың өлеңдерін аударып, Мәскеуде шыққан «Қазақстан» атты жинақта, «Сибирские огни» журналында бастырды. Абай шығармараларын, Жансүгіров поэзиясы туралы мақалалар жазып, «Октябрь», «Әдебиет майданы» журналдарында жариялады. Кейін Мәскеуге қоныс аударып, «Новый мир», «Октябрь» журналдары мен «Литературная газета» редакцияларында, Мәскеу мемлекеттік университетінде қызмет істеді. КСРО ғылым академиясының, 1957 Әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері болды.
Кедринаның қатысуымен «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1958-1960), «Қазақстан мен Орта Азия халықтары әдебиеттерінің тарихы» (1960), көп томдық «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы» (4 т., 1971) орыс тілінде басылып шықты. Кедрина 20 ғ-дың 30-жылдарынан бастап қазақ әдебиетінің сан алуан мәселелерін зерттеп, үзбей жазып отырды.
Көрнекті әдебиет сыншысы, ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы Зоя Сергеевна Кедринаның 1960 жылы Москваның «Советский писатель» баспасынан 404 — беттік көлемде «Из живого источника» («Қайнар бұлақтың көзінен») атты монографиясы жарық көрген болатын. Әдебиеттанушы мамандардың сұранысына сай бұл еңбек 1966 жылы Алматыда қайта басылып шықты. Қазақ әдебиеті, оның тарихы мен бүгінгі барысы, оның көрнекті өкілдерінің ұлттық сөз өнеріндегі өзіндік орны мен өрнектері турасында одақтық өреде және сол тілде кеңінен әңгіме қозғап, оның танылу өрісі мен кеңістігін кеңейтуге әсер еткен мұндай еңбек тәуелсіздік алған 20 жылда да жазыла қоймағандығын жасыра алмаспыз. Әлі де болса қазақ әдебиеті тарихы туралы кеңінен ғылыми ақпарат беретін мұндай монографиялар мардымсыз. Олардың жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдалануға аса зәру зерттеулер қатарында екендігін де естен шығармауымыз тиіс. Әр ұлт әдебиетін, ондағы туындыларды кеңінен таныстырып, ТМД елдер арасында насихаттау, халықтар арасындағы әдеби байланыстарды нығайту мәселелерінің бүгінде кемшін түсіп жатқаны өтірік емес. Олай болатын болса, Зоя Кедринаның бұл еңбегі бүгінгі тәуелсіздік кезеңінде қайта талданып, рухани жаңғыруы М.Әуезов көркем сөзінің бүгінгі ұрпақ сұранысына қажеттілігін сезіну үшін аса керек.
«Абай жолы» эпопеясының орыс тіліндегі басылымдарын (1958, 1965) аударуға көмектесіп, оларға алғы сөз жазды. Әуезовтің 5 томдық таңдамалыларын (1973–74), «Шатқалаң» «Өскен өркен», т.б. туындыларын орыс тілінде бастырып шығаруға ат салысты. «Қазақ даласының жырлары» антологиясын (М., 1951) құрастырып, кіріспе жазды, редакторлық етті.
Жамбыл Жабаевтың «Таңдамалыларына» (М., 1954) алғы сөз жазды, А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» монографиясының (1958) редакторы болды. Оның қаламынан көптеген монографиялар, зерттеу еңбектер туды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Әдебиетші ғалым З.Кедринаның «У истоков народности», «Начало нового», «Языком поэзии», «В рост», «Зрелость», «Эпопея народной жизни», «Из живого источника» деген 7 тараудан тұратын көлемді зерттеуіндегі «Абай жолы» романындағы көркемдік әлемді талдау тәсілдері мен методологиялық мәселелері кәсіби мамандардың қызығушылығын тудырары даусыз. Ерекше ескерер бір жәйт – зерттеушінің кеңестік кезеңдегі қазақ көркем прозасының қалыптасып, даму барысы, оның көрнекті өкілдерінің туындыларын талдауларында М.Әуезовтің әдеби-сын пікірі, шығармашылық әсері, т.б туралы әңгіме қозғалмай кетпейді.
Бұл еңбекте М.Әуезовтің «Абай жолы» роман –эпопеясы туралы – «VІ.Эпопея народной жизни» атты арнайы тарау жазылған. Тараудың алғашқы сөйлемі: «…Романы Ауэзова «Абай» и «Путь Абая» – достижение не только казахской, но и всей советской литературы. Сохраняя и развивая живые традиции казахского национального искусства, они стоят в ряду лучших произведений социалистического реализма», – деп басталады (З.Кедрина. «Из живого источника». «Советский писатель» Москва.1960.-404 стр. 334-с).
Монография авторы қазақ сөз өнерінің рухани қайнар бұлағынан бастап кеңестік кезеңдегі көркемдік кеңістікке ғылыми шолу жасап, жеткен жетістік пен шеберліктің шыңы деп М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын алады.
ХІХ ғасырдың жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Абайдың кезеңі қазақ даласына капитализмнің енуімен тап келеді. Осынау алмағайып кезеңнің ауыртпашылығын арқалаған Абай тағдыры қазақ даласының тыныс-тіршілігімен тығыз бірлікте зерттелген. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын да оның кейіпкері Абайдың, тіпті, қазақ халқының тағдырымен тұтас қарастырған ғалым: «… Заслуга писателя, сочетающего в своем лице выдающегося художника слова и ученого-литературоведа, заключается в том, что он на трудном этапе развития своей литературы взял объектом изображения фигиру, в которой скрестились все противоречия переломного времени в истории казахского народа», – деп теориялық тұжырымдар жасайды (334 стр).
З.Кедринаның бұл еңбегінің ғылыми құндылығы бір дәуірдің ең үздік үлгідегі көркем туындысын талдап, әлемдік деңгейдегі классикалық шығармалармен салыстыра зерттеуінде ғана емес қазақтың рухани әлемінің өсу тарихын өзге ұлт өкілдеріне жан-жақты талдап, терең танытуында болса керек. Революцияға дейінгі қазақ ауылындағы адамдар тағдыры, олардың арасындағы қайшылықтар мен жаңа капиталистік қоғаммен енген жаңа өмірді қабылдаудағы түрлі типтегі кейіпкерлер психологиясы, ой-санасы, мінез-құлқында байқалған қақтығыстарды жазушының суреткерлік шеберлікпен бейнелеуін зерттеуші биік өредегі эстетикалық сыншылдық талғаммен талдайды.
М.Әуезовке дейінгі қазақ әдебиетінде көбіне дидактикалық, ағартушылық бағытты ұстанған шығармалардың шоқтығы биік болып келсе, осы сеңді бұзып жарған М.Әуезов романы ұлттық сөз өнері шеңберінен шығып, бүкіл адамзат бойында болатын қайшылықтардың құпия сырларын ашып, дара туған дарынды тұлғалар табиғатына тән көп қабатты күрделі образды алып келді.
Әділдік пен жауыздық, жағымды мен жағымсыздық арасындағы қақтығыстар М.Әуезов романында тұңғыш рет жеке адам, оның үстінде ірі ойшыл, шығармашылық және тарихи тұлға тағдыры арқылы бейнеленуінің зор жауапкершілігі мен қиындығын жақсы сезінген зерттеуші эпопеяны осы тұрғыдан интерпретациялауға мән берген.
М.Әуезов романындағы көркемдік шеберліктің сыры да осы қуатты психологизмде екендігін зерттеуші Абай мен әкесі Құнанбай арасындағы көзқарас қайшылықтары, пікір қақтығыстары, екі ұрпақ арасындағы тартыс арқылы ашады. Қазақ әдебиетінің тарихын, оның дәстүрі мен жаңашылдығын жете танитын З.Кедрина жазушы шығармашылығында социалистік реализм әдісін пайдала отырып, ұлттық құндылықтарды, сөз өнеріндегі көркемдік дәстүрді жаңаша дамыта отырып, жалпы адамзаттық рухани деңгейге көтергеніне кәсіби маман ретінде әділ бағасын береді. Осы ретте суреткердің кейіпкер көңіл-күйі мен жан толғаныстарын беруде табиғат құбылыстарын асқан суреткерлік шеберлікпен қолданатынына ерекше мән бере талдайды.
Қазақ көркем прозасының өсуіне әлемдік және орыс классиктерінің әдеби шығармашылық әсері болғандығын: «…Он учитывал, в частности, достижения и ошибки Тынянова и критику его «Смерти Вазир-Мухтара», «Петр Первый» А.Толстого, «Емельян Пугачев» В.Шишкова и «Разин Степан» Чапыгина – все эти произведения служили ему материалом творчесткого раздумья, помогая в создании его эпопеи», – деп атап көрсете отырып, жазушының қазақ әдебиетінде тұңғыш рет творчестволық тұлғаны бейнелеудегі батыл ізденісіне кәсіби маман ретінде жоғары баға береді (358 стр).
М.Әуезовтің жанында 1932 жылдан бері жүріп, бүкіл шығармашылық өмірбаяны мен зертханасының сырына қанық зерттеуші Зоя Кедрина «Абай жолын» жазарда суреткердің Айбектің Навои, француз жазушысы Моруаның Байронның өмірі туралы жазған шығармаларында тарихи тұлғаның тағдырындағы қандай тұстарға ерекше көңіл бөлінгенін, ал, қандай тұстары еленбеуі тиіс деген көкейкесті сауалдардың болғандығын алға тартады.
Абайдың өмірі мен шығармашылығын 20 жылдан астам түбегейлі зерттеген жазушының әлемдік әдебиеттегі тарихи, әсіресе шығармашылық тұлғалар туралы жазылған дүниелердегі тәжірибелеріне сүйенгендігін, бұл бағыттағы ізденісінің ұзақ жылдарға созылғандығын жасыра алмайды. Мұндай мезеттерде шәкірті бола тұра Зоя Кедринаның қатал сыншы, әділ бағалаушы екендігі байқалып отырады.
Монографияда әлем әдебиетіндегі классикалық үлгілерді өнеге тұтқанымен ұлттық болмыстан ажырамаудың амалын ұстанған жазушының Абайдың өмір сүрген кезеңіндегі қоғамдық саяси, әлеуметтік рухани жағдайларды тарихи деректермен нанымды бейнелеуіне басты көңіл бөлінген.
Зерттеуші осы ретте ұлттық форма, ұлттық болмыс бейнеге, мінез -құлыққа көбіне тіл тұрғысынан мән берілгендігін, тарихи-этнографиялық , рухани құндылықтарды бейнелеудегі көркемдік тұтастық М.Әуезовте қуатты екендігін айтады.
Ұлттық мазмұн мен тәсіл туралы өз тұжырымын: «…Конечно, если признать, что национальное содержание – это образ и сюжет, воспроизводящие в искусстве реальное бытие конкретной нации, а национальная форма – это только и исключительно язык и стилистика, исчезающие или сглаживающиеся при переводе на иной язык, то правы противники общеизвестной формулы («искусство социалистическое по содержанию, национальное по форме»), видящие в ней противопоставление формы и содержания», – деп білдіре отырып, сыншы ұлт әдебиетінің көркемдік құндылығы мен табиғатын танып білуде көбінде әлгіндей «жалған теорияның» реалистік шындыққа шек келтіріп, оқырманды шатастырып жататынына сын айтады (361 стр).
Осынау олқылықтарды түзетуде аударманың алатын орнының зор екендігі, екі ұлт әдебиетінің шығармашылық байланысын нығайтып, әр халық өкілдерінің жүрегі мен ой-санасына жол табатын рухани көпір көркем әдебиет екендігін Зоя Кедрина әдебиетші, аудармашы, бірнеше ұлт әдебиетінің жанашыр досы ретіндегі адал ойын білдіреді.
Сөз өнеріндегі ұлттық ерекшеліктерді, әсіресе, сюжет пен образдар жүйесіндегі өрнектерді өзге тілге аударудағы ауыртпашылықтарды зерттеуші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып: «…Автору этих строк самому пришлось, переводя на русский язык главы из романа М.Ауэзова «Путь Абая», столькнуться сне разрешенной еще у нас проблемой перевода прямой речи персонажей: например биев, тяжеловесные тирады которых насыщены архаизмами и пышной образностью, неразрывно связанной со скотоводческим обиходом, а также арабизмами, непонятными русскому читателю. Передавая эту речь по-русски, пришлось прибегнуть к инверсиям и отчасти славянизмам. И трудно сказать, кто был прав-переводчик, который к ним прибегал, или редактор, который стремился все это вычеркнуть и выпрямить. Несомненно одно: передать до конца национальное своеобразие речи героев восточных литератур на русском языке нам пока что не удается», – деп біраз ақиқаттың бетін ашады (363 стр).
Расында да кеңестік кезеңде социалистік реализм әдісіне сай келмейтін, ұлттық характерлердің өзіндік болмыс ерекшеліктерін бейнелейтін тұстарды аяусыз редакциялап, тұтастай сөйлемдерді, абзацтарды, тіпті тарауларды алып тастау секілді сорақылықтардың орын алғаны ақиқат.
Мұндай әділетсіздікті «Абай жолы» романы да аяусыз бастан кешкені белгілі. Зерттеуші өзі білетін біраз шындықтың бетін ашып, орын алған олқылықтарды орынды атап өтеді. Дегенмен, кәсіби тәжірибесі мол және ең бастысы түп нұсқаны терең танып, ондағы көркемдік әлемнің табиғатын жақсы білетін аудармашылар Л.Соболев, А. Никольская, Т. Нұртазиннің тәржімалауындағы М. Әуезов романындағы Абай мен Құнанбай бейнелерінің құнарлы шыққандарын, өзге де образдар мен сюжеттік желілердің ұлттық өрнегі көп өзгеріске ұшырамай жеткізілгеніне тәнтілік танытады.
Аударма поэтикасына қатысты кәсіби құнды пікірлерін орыс әдебиетіндегі аударма жәйі, әсіресе Л.Н.Толстой шығармашылығына қатысты теориялық ойларын М.Әуезовтің туындыларын тәржімалау тәжірибелерімен салыстыра отырып, талдаулар жасайды (361-368 беттер бойына).
Зерттеуші: «…И хотя гений Л.Толстого – реалиста подсказал ему жизненно убедительные образы персонажей ( такой француз, как Сен Жером, и такой немец, как Карл Иванович, вполне возможны), но эмоциональная окраска этих образов, отбор составлящих их черт и определение их как главных обусловлены свойствами исторически – конкретного национального характера автора, Л.Толстого…», – дей келіп, Толстой туындыларында орыс ақсүйектерінің «французданып» кететінін, кеңестік кезеңде ұлт әдебиетіндегі орыс адамдарының көбінде жағымды образдар болып келетінін, кейде шектен шығып, тіпті, оларды тым қазақыландырып жіберетініне нақты мысалдар келтіре отырып, әділ сынайды (368 бет).
Мәселен, Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романындағы орыс жұмысшыларының бәрін қазақ етіп жібергені жөнінде кезінде М.Әуезов те өткір сын айтқан болатын. Ал, З.Кедрина М. Әуезовтің роман-эпопеясындағы Абайдың орыс достары – Михайлов, Павлов, оның әйелі Александра Ивановналардың шынайы бейнеленгенін, шындықтан аластамағанын айтады: «..Все эти образы написаны правдиво, с большой сердечной теплотой, с огромным уважением к национальным, общественно-историческим и личным качествам описывамых героев..» (369 стр).
Бұл кейіпкерлер арқылы әдебиетке жаңа образ, жаңа сана, жаңа тағдырлар келгендігін, ұлт әдебиеттерінің мәтіндеріндегі мазмұн-мағына артып, көркемдік ойлау жүйелерінің жаңарғанын көрсетеді. Алайда, көптеген қаламгерлер оларды біржақты, халықты ағарту саласындағы еңбегіне қарай ғана бағалап, бейнелейтініне сын айтады, автор. Соның нәтижесінде орыс кейіпкерлер ешқандай қайшылығы жоқ, күдік-күмәнсіз, кедір-бұдыры, тіпті тіршілігі жоқ өлі жандардай елес береді.
Өмірде де, өнерде де мұнтаздай мінезді, тағдыры тегіс тұлға болуы мүмкін емес қой. Осы бағытта зерттеуші қазақ жазушысы Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов, түрікмен жазушысы Берді Кербабаевтың «Решающий шаг», өзбек жазушысы Аскад Мұхтардың «Сестры», т.б шығармаларындағы жаңа кейіпкерлер бейнесін салыстыра келе М. Әуезовтің романындағы образдардың жандылығына, ой-сана мен іс-әрекеттердегі қайшылықтар мен қақтығыстардың нанымдылығына, сюжет желілерінің дәлелді динамикалық даму процесіне тоқталады:
«…Изменяется и растет и лирический герой эпопеи на протяжении двадцати лет, в течение которых она создавалась. Его исторический взгляд становится все более зрелым, острым, проникновенным, и это в свою очередь находит выражение в эволюции образов героев романа, в расширении социальной галереи действующих в нем лиц. Глубоко образованный человек, владеющий наследием всей мировой культуры, прекрасно знающий русскую и зарубежную литературу, Мухтар Ауэзов остается сыном своего народа, освоившим мировую культуру для блага и развития культуры казахской, для приобщения своего народа к интернациональному братству трудящихся», – деп кәсіби маман ретінде жазушы шығармашылығына әділ бағасын береді (373 стр).
Әуезов шығармаларында алғаш рет күрделі көркемдік құбылыс ретінде көрінген табиғаттың реалистік бейнесі уақыт пен кеңістік категориялары арқылы айшықталып, жылдың төрт мезгілінің тамаша суреттері таза суреткерлік шеберлікпен адамдар тағдыры, көңіл күйлерімен үйлестіріле суреттелуі кәсіби шеберліктен, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктен туатынын зерттеуші зерделей келе:
«…Пейзаж эпопеи, также определямый одним из главных компонентов национальной формы – образом, мы можем смело считать значительным вкладом М.Ауэзова в национальную форму казахского романа.То же можно сказать и о стилистике», – дейді (372 стр).
Зерттеуші романның стильдік ерекшеліктеріне талдау жасау барысында жазушының тілдік құбылыстарды астарлап, көркемдеп қолдану шеберлігіне тәнті болмай өте алмайды. М.Әуезовтей дара дарын иесінің далалықтардың философиясы мен тіршілігін бейнелегенде әр сөздің орнын тауып қолданудағы білімдарлығы мен талғампаздығын, кейіпкердің көңіл-күйіне байланысты психологиялық параллелизм әдісін әдемі пайдалана білуін талдай келе:
«…Язык и стиль романа, метафорическая его структура во многом связаны, хотя это и культурная речь современного писателя, с психологией и образами скотоводческого уклада», – дейді ғалым (373 стр).
Романдағы аңшылықты бейнелеудегі көптеген әдемі суреттер, көшпенділікпен бірге берілетін тұрмыстық, салт-дәстүрлік эпизодтар, сөзбен салынған дала суреті мен табиғаты, бала Абайдың қабылдауындағы қоршаған орта, әкесі Құнанбайдың кескін-келбетіндегі ерекше сұстылық, көзқарасындағы қатыгездікті дала тіршілігіне тән көріністерге балап бейнелеудегі суреткердің өзіндік өрнегінің өрістілігі ұлт әдебиетін ғана емес өзге ұлт әдебиетіне әсерін тигізген таңдаулы тәсіл болғандығын да зерттеуші ғылыми назардан тыс қалдырмайды.
Мысалы, 14 жасар бала Абай әкесі Құнанбайдың ашу үстінде сан алуан қырынан көрінген бет-жүзіндегі портреттік, эмоционалдық, психологиялық құбылысты, әрбір қимыл-қозғалысты қалт жібермей қадағалау арқылы оның ажарындағы айбынды алғаш рет аңғарады.Төл әдебиетіміздегі тамыры тереңде жатқан бейнелі сөздер, түрлі теңеулер, философиялық мәні бар фразологиялық тіркестердің роман-эпопеяда өте мол әрі өрнекті түрде қолданылғанын зерттеуші:
«…Словесные образы: метафоры, сравнения, уподобления, идущие непосредственно от бытового уклада казахов, многочисленные народные пословицы и поговорки, зачастую претворенные автором на новой основе, богатый диалог с резко выделенной индивидуальностью говорящего, а также его социальной, областной и возрастной принадлежностью – вся образно-речевая система повествования тесно связывает форму романа именно с данным народом в его конкретно-историческое направление эпопеи идет в широком русле интернациональной мировой культуры…», – деп өз бағасын береді (373 стр).
Зерттеуші романның тілдік жаңалығын заманмен бірге өзгерген қоғамдық, рухани өмірдегі сапалық өзгерістерді жақсы қабылдаған жастар бейнесімен, әсіресе бас кейіпкер Абай образының жаңашылдық мағынасымен байланыстыра қарастырады.
Абай қолданысындағы араб, парсы, т.б шығыс тілдеріндегі сөздер сол кезеңнің тілдік қолданысын танытқанымен ұлы ақынның сөздік қорының өзі бейнелі эпитеттермен байлығын, оның бәрі романның стилистік құрылымының құндылығын арттыратынын және олардың көркемдік қызметі жөнінде де ғалым нақты мысалдар негізінде теориялық ғылыми талдаулар жүргізеді.
Әдебиетші ғалым: «…В согласии с этими требованиями писатель разрабатывает словарь и синтаксис своих романов, которые должны поднять и донести до читателя глубокий философский смысл идей и высокую поэзию образов, Абая. В этих целях М.Ауэзов усложняет фразу, вводя малоупотребительные в казахском языке сложноподчиненные предложения; обогащает словарь за счет привнесения слов из русского, арабского языков и из фарси, а также за счет тех казахских областных речений, которые способны расширить возможности общенародного литературного языка», – деп суреткердің шығармашылық зертханасынан да көп ғылыми мәлімет береді (374 стр).
Зоя Кедринаның бұл монографиясында М.Әуезов эпопеясының жалпы адамзаттық руханияттағы көркем құндылық болғандығын, осы кезге дейін кейіпкердің ішкі жан дүниесін терең талдаған, ішкі көркемдік қуаты мен қатпары мол композициялық құрылымды, күрмеуі қиын күрделі күреске толы қайшылығы көп кейіпкерлер арасындағы қақтығыстарды бейнелеудегі шеберлік сырын кәсіби маман ретінде жан-жақты ашып берген.
Зоя Кедрина романның төрт кітабына да көлемді беттерді арнап, ондағы әрбір образдар жүйесіне, оларға қатысты сюжеттік желілерге жеке-жеке тоқталып, көркемдік-эстетикалық құбылыстарды әлемдік және орыс әдебиетіндегі тәжірибелермен салыстыра келіп қазақ әдебиетіндегі ірі рухани жаңалық екендігін дәлелдейді. Орыс аудиториясына және орыс тілі арқылы өзге де ұлт әдебиеттеріне таныстырылған роман-эпопеядағы ХІХ ғасырдағы қазақ тұрмысының тыныс-тіршілігі осы еңбек арқылы жаңа тыныс алып, әлемдік құндылық қатарына қосылғанын қазіргі ғылыми орта мойындауы тиіс.
Зоя Кедрина романдағы әрбір әділетсіздікті санамалай отырып, оның ақын өміріне нендей өзгерістер алып келгендігіне де жете көңіл бөледі. Айталық, бірінші рет шетке шығып сағынып аулына жеткен Абайдың алғашқы кездескен келеңсіз жәйі – атасы Қодар мен келіні Қамқаның қайғылы қазасы, жан түршігерлік қасіреті болғанын, санасына сына салған екінші соққы – кішкентай кінәсіз сәби Кәмшаттың Құнанбайдың қас жауы Бөжейдің қолында қайтыс болуы, үшінші қиянат – ғашық болған Тоғжанға емес, әкесіне тиімді болған Алшынбайдың қызы Ділдәға қосылуы еді.
Міне, осынау қазақ даласындағы феодалдық өмірдің қатал сынақтарын санамалай отырып, романдағы кейіпкерлер тағдырындағы күрделі қайшылықтарды, жеке адамның жан-жүйесін, ішкі сезімдерді селкеу шығармай нанымды әрі өте сезімталдықпен суреттеген жазушының кәсіби шеберлігіне шәк келтірмейді.
«Абай жолы» романындағы автор идеясының бала мен дана Абайдың қазақ еліне берген бағасымен біртұтас көркемдік жүйеде берілгендігін, қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған әдемі, аса шабытты поэтикалық тілмен, сирек кездесетін суреткерлік шеберлікпен, аса терең ғұламалық білімдарлықпен мағыналық мәнмен жазылғандығын зерттеуші зерделі зердемен зерттей білген. Өз дәуіріндегі қазақ қаламгерлерінің бара алмаған биігіне шығып, адам баласының құпия қалтарысы мол күрделі ішкі жан дүниелеріндегі құпияларды «қойма ақтарғандай» ақтарып, батыл бейнелеуі шын мәніндегі ұлт әдебиеті ғана емес кеңестік одақтағы сирек суреткерлердің ғана шыға алатын шыңы болды деп бағалайды зерттеуші:
«…Я подробно разбираю именно этот потому, что здесь писатель создает нечто новое не только в советской литературе, но и в литературе мировой. Ибо психология творческого акта художника разрабатывалась и разрабатывается весьма немногими литераторами , а удач в этой области и того меньше — произведения, которые отличаются глубоким постижением души художника, могут быть перечислены на немногих страницах. В своей эпопее Мухтар Ауэзов увеличил их число, создал своеобразный облик великого поэта, показанного в самых сокровенных богатствах своего творческого характера» (355 стр).
М.Әуезов бейнелеген әрбір кейіпкердің (олар 300-дей) тек өзіне ғана тән табиғаты, мінезі, тілі, сөз саптауы, ішкі өмірі, бөлекше болмысы болатынын, ұлт әдебиетінде тұңғыш рет осыншама көп кейіпкерлерді көркемдік тұтастықта қарастырғанын, сөйтіп роман бүкіл қазақ халқының салтын, әдет-ғұрпын, этнографиясын, халық тарихын шын мәніндегі өресі мен өрісі биік өнер туындысына айналдырғанын автор көркем мәтін мысалдарымен нақтылап береді.
М.Әуезовтің «Абай жолының» бүкіл социалистік заманның оқырмандарына жүйелі білім-тәрбие беретін, көркемдік-эстетикалық ләззат сыйлайтын құнды дүние, совет әдебиетінің мақтанышына айналған рухани құбылыс болғандығын әдебиетші ғалым осы монографиялық еңбегінде ғылыми тұрғыдан талдап, дәлелдей алған деуге әбден болады. Зерттеуші мұндай мол мағлұматты игерген прозаның жазылуы автордан сананың саралығы, парасаттың пайымдылығы, білім байлығы талап етілетіндіктен есейген шақта туатындығы шығармашылық тұлғалар тағдырында жиі кездесетін табиғи заңды құбылыс екендігін, Абайдың да жазуды, философиялық ойларын қырықтан асқан шағында қалдырғанын, М.Әуезовтің де есейген шағында бұл романды дүниеге келтіруін сөз ете отырып, бесіктен молаға дейінгі мазалаған ойлар, түсініктер, күйзелістер,т.б оның иесінің үндей алмауына мүмкіндіктер бермегендіктен туатынын айтады.
Америкалық жазушы Эрскин Колдуэллдің: «…Я пишу потому, что видел людей и вещи, о которых мне хочется рассказать. Я даже думаю, что обязань об этом рассказать», – дегеніндей Абайды көріп, алты жасынан шығармаларындағы шұрайлы ойларға шомылып өскен М. Әуезовтің ол тұлға туралы тебіренбей, толғанбай жазбауы, өзінің жүрегіндегі жатталған ықыласын ақтармай кетуі тіпті мүмкін еместігі де ескерілетін жәйт. «Кім тозақ өмірден өтсе, оның үнсіз қалуы мүмкін еместігі» тағы бар. Жастайынан өмірінің соңына дейін әріптес әрі аудармашы, кеңесші, шәкірті, адал досы болған, жазушының барлық қиыншылығы мен қуанышында қасында болып өзі де сол сезімдерді бастан кешкен Зоя Кедринаның М.Әуезовтің әрбір шығармасының тағдыры мен зертхана құпиясына да тереңнен қанық екендігін де ескерген жөн. Соны сезінген, жауапкершілікті түсінген сыншы, әдебиетші ғалым жазушының жан дүниесіндегі толғаныстардың қай туындысында қалай жүзеге асырылғандығын жете жазып, тереңнен талдауы сондықтан да жарасымды әрі заңды.
Зерттеуші жазушының ең жақын жанашыр оқырманы әрі әріптесі ретінде оның шығармашылық өмірбаянына кеңінен таныс екендігін әрдайым сездіріп отырады. Мәселен,
«…в своих лекциях студентам Литературного института имени Горького М.Ауэзов сообщил, что он учел критику в свой адрес и что она помогла ему во второй книге острее и ярче показать классовую борьбу в дореволюционной степи», – деген сөздері соның дәлелі (342 стр).
Бұл факт Зоя Кедринаның жазушы шығармаларына айтылған әрбір сыни пікірлерден хабардарлығын, әдеби үрдістегі жаңалықтарды үнемі бақылауда ұстайтынын көрсетеді .
Зоя Кедринаның «Из живого источника» деген зерттеу еңбегі М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының көркемдік әлемі, образдар жүйесі, әр кейіпкердің тағдыры, сюжеттер линиясы, мотивтер мәні, суреткерлік шеберлік мәселелерін теориялық тұрғыдан талдауға арналған.
Зерттеуші «Абай жолы» романының қазақ халқы үшін тек қана тарихи-философиялық, әдеби құндылық қана емес бүкіл адамзат руханиятындағы мәңгілік мұра екенін, сөз өнері құдіретін қастерлейтін әрбір әдебиетшінің «тұсауы» осы туындымен танысудан бастау алатынын ғылыми фактілермен нақтылап береді. Ғалымның болжауы дұрыс келіп міне ғасырдан астам ұлттық әдебиеттану ғылымында М.Әуезовтің көркем шығармаларын тілге тиек етпеген ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ десе де болады және оның жылдан-жылға зерттеу кеңістігі кеңейіп жүйелі түрде кең өрісте өркен жайып келе жатқанын жасыра алмаймыз. Мұның бәрі ұлы Мұхтар Әуезовтің әдеби, ғылыми, көркем мұраларының әдебиет кеңістігіндегі мәңгілік құндылықтар екендігін мойындатса керек.
Қазақстан Республикасы Орталық архивінің №1432 қорынан табылған Бауыржан Момышұлы мен Зоя Сергеевна Кедринаның 1958 жылдың 4 наурызынан – 1959 жылдың 9-шы наурызы аралығында жазған 3 хаты қазақ әдебиетіндегі жақсы жаңалық десек артық айтқандық емес. Әсіресе Зоя Кедринаның Бауыржан Момышұлына жолдаған 2 хаты оқырман қауым үшін беймәлім дүние.
Зоя Сергеевнаға жолдаған жауап хаты Б.Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағының «Алыстан сәлем жолдаймын» деген тақырыптағы 20-шы томында тұңғыш рет баспа бетін көргенімен әзірге ғылыми айналымға ене қойған жоқ (Алыстан сәлем жолдаймын. Көптомдық шығармалар жинағы. 20 том. (1-кітап) – Алматы: «Өнер»,2010.-200 бет). Сондықтан бұл тың мәтіндер оқушы назарын аударар деген ойдамыз. Оны осы томға жазылған «Хаттар» деген тақырыптағы ғылыми түсінік авторы Мұхамеджан Кәтімханның: «…Қазақстан Республикасының Алматыдағы орталық мұрағатында Б.Момышұлына келген он бес мыңға жуық хаттар сақталып, өзінің зерттеушілерін күтіп жатыр. Ертелі-кеш осы хаттарға зерттеу кезегі келер деген үмітпен, біз алты томға жуық хаттарды іріктеп алып, жариялауды жөн көрдік» деген сөздері растайды (195 б). Екі ұлт өкілінің де сөз өнерінің иелері екендіктері, олардың эпистолярлық мұраларында, әлбетте, сол кеңестік кезеңдегі әдебиет мәселелері, әдеби байланыстар, баспа ісі сынды руханият төңірегінде әңгіме болары белгілі.
Шығармашылық тұлғалардың арасындағы адал да, таза сыйластықтағы достық, шынайы жанашырлыққа толы жүрекжарды сөздері мен сезімдеріне еркін, пендешіліктен жоғары парасатты ой иелерінің пікір алмасуы әлбетте жоғары деңгейдегі дискурстың дәнекері. Мұхтар Әуезов пен Зоя Кедрина арасындағы таза шығармашылық туыстық, рухани үндестіктің үздік үлгісі Бауыржан Момышұлы мен Зоя Сергеевнаның шығармашылықтарында да жарасымды жалғасын тапқан сияқты. Бұл хаттарда да сөз өнеріне деген өлшеусіз сүйіспеншілік, табиғат тарту еткен сирек талантқа деген риясыз құрмет, әдебиетке деген адалдық танылады.
Кеңес одағының Батыры, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бауыржан Момышұлы ол кездері «Волоколам тас жолы» (1942), « Қанмен жазылған кітап»(1944), «Москва үшін шайқас» (1955) атты туындылары арқылы одақ оқырмандарына танылған талантты тұлға болатын.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында батальон командирі болған, Мәскеуді қорғауда дивизия басқарған жалғыз қазақтың даңқы тіпті дүркіреп, күн сайын баспасөздерде суреті мен ерлігі туралы мақалалар дамылсыз басылып жатқанда Зоя Кедрина сынды өзі болмаса да жаны қазаққа айналып кеткен зиялы жанның Бауыржан есімі мен ерлігін, шығармашылық еңбектерін білмеуі тіпті мүмкін де емес еді.
Бауыржан жөнінде жазушы Александр Бек «Арпалыс» («Волоколамское шоссе») атты кітапты сол сұрапыл соғыс кезінде жазуы оның атын аңызға айналдырып жіберген-ді. Сондай-ақ ұлт әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалаған бірден-бір қазақ қаламгерінің есімі бүкіл одақ көлеміндегі сөз өнерінің өкілдеріне жақсы таныс-тын.
Зоя Кедрина Бауыржан туралы Мұхтар Әуезовтің әңгімелерінен де естіп, таныстыққа құлық танытуы да ғажап емес. Екі тілде де еркін жазатын Бауыржанның ойлы да отты сөйлемдері, өмір шындығын шынайы бейнелейтін шеберлігі Мұхтар Әуезовті де тәнті етіп, «Доброе начало» деген мақаласында: «…Так же я могу сказать и в отношении Бауыржана Момыш-улы, который на русском языке пишет лучше, хотя все эти авторы знают свои родные языки прекрасно, не хуже любого признанного азербайджанского, киргизского, казахского писателя» деген болатын (Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 41-т. – Алматы. «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 288 б. – 91-бет).
Зоя Кедринаның Б.Момышұлының «Наша семья» атты туындысына редактор болуына кім кеңес берді ? Біздіңше, екі шығармашыл тұлғаның достығына дәнекер болған Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Өйткені соғыстан кейінгі жылдары тонның ішкі бауындай тығыз шығармашылық байланыста еңбек еткен, пікірлес болған М.Әуезов Мәскеу баспасынан кітабын шығаруға ниет еткен Бауыржанға қазақ әдебиетінің бірден-бір жанашыры, қамқоршысы болған Зоя Кедринаны ұсынуы әбден мүмкін. Олай болса, «Наша семья» атты шығармаға редакторлық етіп, Бауыржан Момышұлына көмек қолын созып, тиісті жерінде кеңес, бағыт беріп отырған Зоя Кедринаны оқырмандарға таныстыра кетсек.
Көрнекті кеңес ғалымы, әдебиетші, сыншы, жазушы, аудармашы, филология ғылымының докторы Зоя Кедрина 1930 жылдардан бастап КСРО халықтары әдебиеттерінің, соның ішінде Орта Азия және Қазақстан әдебиеттерінің өзара туыстық байланысын нығайту жолында аянбай еңбек еткен зерттеуші. Туысқан әдебиеттер жетістіктерін жарқырата көрсетуде айрықша қызмет атқарған Зоя Кедрина кезінде РКФСР, Қазақ КСР, Әзербайжан КСР, Өзбек КСР мен Қарақалпақ АКСР Жоғарғы Кеңестерінің Құрмет Грамоталары мен «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Өзбекстан Республикасы Бируни атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970), Қарақалпақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1979), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981), қазақ әдебиетінің, бүкіл түркі жұртының жанкүйер достарының бірі Зоя Сергеевна Кедринаның (1904-1992) руханият саласындағы саналы қызметі тікелей қазақ әдебиетімен, оның ішінде М.Әуезовтің туындыларын орыс тіліне тәржімалап, насихаттаумен тығыз байланысты. З.Кедрина мен Б.Момышұлының хаттарында да шығармашылық, әдебиет, өнер, ғылым, мәдениет, сол кезеңдегі әдеби үрдістер, гуманитарлық, философиялық мәселелер қозғалады.Бізге беймәлім болып келген бұл әдеби фактілерді зерттеу, интерпретациялау да кезегін күткен рухани қажеттілік. Ендеше, екі шығармашыл тұлғалардың эпистолярлық мұраларын папкада сақталған рет бойынша беруге тырыстық.

1. «4/ІІІ-58 . Многоуважаемый Бауке! В течение длительного времени я не могла добиться у «Мол.гв» что же они сделали с Вашей повестью: один редактор (Сякин) ею уже не занимается, другой – в отпуску и наконец, сегодня мне, позвонила девица (Яковлева), которая мне сообщила, что они вернули Вам рукопись,т.к. Она не удовлетворили их по языку. Выслали они ее 18 февраля, а я уехала из Алма-Ата 19/ІІ т.о. Мы с Вашей рукописью размикулись. Девице я обьяснила, что они сделали глупо и что они должны были поработать над этой рукописью, но тут уже, вероятно поздно. Если Вы разрешите, то я поговорю о Вашей повести в и «Сов.писателе» и «Детчизе». Я предвижу, что со сторона языке будут затруднения, т.и. работа над ним потребуется большая, что в рукописи русский, а оплата редактуры может быть только обычная. Если желающего взять такую работу мы не найдем, то (после декады) я сама ее отредактирую, т.и считаю повесть хорошой, ценный и заслуживающей публикации. Хорошо было бы, если бы Вы прислали мне экземпляр, чтобы было что показать издательствам, что касается, «Московского рабочего» то Коренев сказал мне лично, что они Ваши записки офицера напечатают к декаде, что он послал Вам уже от этом письмо, а в ближайшие дни пошлет еще с вызовом Вас в Москву для совместить работы издательством над рукописно. Разумеется, через некоторое время я позвоню Кореневу и справлюсь послал ли он Вам это второе письмо. Если будете посылать мне рукопись «Нашей семья» то хорошо бы приложить к ней «Калининское издание» повести. От души желаю Вам здоровье и успеха З.Кедрина».

2-ші хат. 30 / І. 59 г. Дорогой Бауке! Сегодня получила Ваше письмо и спешу ответить. Во-первых, поздравляю Вас с высокой литературной наградой и позвольте пожелать Вам, чтобы, столь благолейно начавшийся для Вас, новый год вел бы Вас неуклонно вперед и выше в литературной байге. Засим помогите мне в наступлении на «Советский писатель» следующими действиями. 1) Пришлите Вашу (тематическую) книжку, чтобы я могла дать ее туда читать. Я не хочу предъявлять Калининское издание. 2) Сообщите хотите ли Вы вести разговор только о «Нашей семье» или и о военных вещах? 3) Сообщите: готовы ли Вы дописывать (продолжать) для «Сов.пис» и «Нашу семью»? Дело в том, что переиздавать в том же виде, как уже было напечатано в Алма-Ате, издательство не может. Будут тянуть отбрыкиваться. А, если Вы сообщите, что, в случае заключения договора, допишите еще ( в размере 25%), то рукопись будет считаться оригинальный, а вследствие этого, и гонорар Вы получите полный (3 тысячи за лист), и примут Вас к изданию охотнее. Что касается редактуры, то я с удовольствием буду Вашу книгу редактировать, как только мне будет предъявлен издательством принятой к ред.подготовке текст. Засим желаю Вам всяческих успехов и продолжения, обрядов притарный вежливости. Передайте, пожалуйста, привет мой и моего повелителя Вашей супруге. Оба мы Вас горячо приветствуем. Искренно уважающая Вас З.Кедрина».

Екі хатта «Москва 2252 .Новотесганая 16, кв 81.Кедрина З.С»- дан: «Алма-Ата.Пр.Дзержинского 76.кв 5 Бауыржану Момышулы» деген адреске жіберілген.

3-ші хат. Б.Момышұлының отыз томдық шығармалар жинағының 20-шы томында жарияланған Зоя Сергеевна Кедринаға жолдаған хатын алдағы хаттардағы ой желісі үзілмес үшін оны да беруді жөн көрдік (Алыстан сәлем жолдаймын. Көптомдық шығармалар жинағы. 20 том.(1-кітап) – Алматы: «Өнер», 2010. -200 бет. 179-182 бб). Әрі отыз томдық шығармалар жинағы оқырманның көпшілігіне қолжетімді болмағандықтан бұл мәтіндер беймәлім болуы бек мүмкін.

9/І-1959 г. «Уважаемая Зоя Сергеевна! Благодарю Вас за письмо! Большой привет Вашему супругу! Последние десять дней все заседаем и заседаем. Обряд приторной вежливости уже дает отростки беспредметных, обтекаемых либеральных рассуждений в смеси с легкомысленной раздраженностью, грубыми нападками или глубокомысленным молчанием. Сидим по четыре, по пять часов и решаем детские кроссворды. Все ораторы оговаривают за собой право выступить перед широкой аудиторией, а лишь дают справку товарищу Нападающему. Призывы к откровенности отскакивают, как мяч от стены. Один товарищ в кулуарах мне сказал: «У кого в желудке переваривается собака, а у кого дохлый щенок – невозможно понять. (Так казахи говорят вместо «вот где собака зарыто»). Основные биологические процессы – листочки, цветочки и ягодки – еще впереди. Я лично за то, чтобы наши товарищи пришли к съезду хотя бы без внешних противоречий. Я так пишу (и только вам, Зоя Сергеевна), потому что не вижу на ближайшее будущее никаких объектов для компромисса, тем более при способности моих сородичей к объективизму, здравой критике и самокритике. Не мне Вам говорить , что критика сама по себе не приходит, ее нужно организовать в равной степени как сверху вниз, так и снизу вверх. Здоровое начало организации дает здоровую критику. Односторонность – критика сверху вниз – порождает подхалимство. Нами до сих пор не вскрыты причины, порождающие пассивность в критике или не здоровое начало. У нас две крайности – или хвалит без меры, или терзает без вины. У нас пока нет относительно весомых критических статьей. В тех, что есть преобладает пересказ, а не анализ произведения. Они часто беспомощны в своих теоретических основах – потому не поучительны. Как либерализм, так и грубость в критике не являются признаком культуры. Мы не разобрались толком в проблеме современности и даем путанные определения, не утруждая себя над определением понятия «современность», отделываемся клятвами и обещаниями, «крутого поворота к теме современности в своем творчестве», а воз остается и поныне там.

Зоя Кедринаның Б.Момышұлының «Наша семья» атты туындысына редактор болуына кім кеңес берді? Біздіңше, екі шығармашыл тұлғаның достығына дәнекер болған Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Өйткені соғыстан кейінгі жылдары тонның ішкі бауындай тығыз шығармашылық байланыста еңбек еткен, пікірлес болған М.Әуезов Мәскеу баспасынан кітабын шығаруға ниет еткен Бауыржанға қазақ әдебиетінің бірден-бір жанашыры, қамқоршысы болған Зоя Кедринаны ұсынуы әбден мүмкін.

Без осмысленного обобщения всего прошлого (тем более, что не все наследие прошлого нами освоено), здравого анализа настоящего (настоящее-последствие, продукт прошлого), без их взаимосвязи, взаимозависимости нельзя установить прогноз будущего. Нормально не то, что нужно устремлятся вперед и только вперед, и только вперед, а в равной степени надобно оглядываться назад и смотреть по сторонам, чтобы уверенне итти вперед. Странно, что некоторые и Великую Отечественную войну рассматривают как прошлое. Ведь Великая Отечественная Война – жизнь и смерть, страдание и подвиг, пот и кровь наших современников. Тема современности в литературе не должна измеряться мерилом «собственного корреспондента газеты», а мерилом истории, большой профессиональной литературы в идейно-художественном созвучии для воспитания и просвещения наших современников и потомства нашего, к которым и адресуются произведения наших писателей… Подробно не помню, но в таком плане я выступил на одном из заседаний и получил тумака в иносказательных словах «некоторые товарищи…». Мне очень больно видеть и созновать, что мои некоторые «титулованные» сородичи до сих пор не поднялись над «личным», не отделались от патриархальной лени, от методов старомодного руководства изучать писателей и их творчество по справкам и по этим же справкам делать выводы. Наши писатели (90%) – люди честные, скромные, не прихотливые. Они – многие из их, – не имея элементарных условий (как жилье, рабочее место), работают много и не плохо. Обряд проработки уже начал предъявлять свои права на некоторых авторов. Я уверень, что Вы как большой человек, лучшего мнения о казахах, чем казахи о себе. Потому я пишу Вам эти строки, как равный товарищ по неравнодушию к судьбам казахов… Отвечаю на Ваши вопросы. Алма-Атинскую книжку для , «Советского писателя» Вы на днях получите. Разговор должен итти только о «Нашей семье», ибо я решил более не обьединять ее с военными вещами. Продолжения «Нашей семьи» (частично), имеется в набросках (объем более 50-70 машинописных страниц), при необходимости я могу до конца мая отшлифовать их и закончить новый вариант (переработка и дополнения) моим уходом (1924) из родного аула в город (интернат). Приблизительно в таком план можно поговорить с «Советским писателем». После нашего съезда и лечения (март-апрель) я намерен выехать из Казахстана в Россию на все лето и поработать. Простите длинноту письма. Желаю Вам, Зоя Сергеевна, доброго здоровья и творческих успехов. Б.Момыш-улы. экз №2 адресату».
Эпистолярлық жанрдағы мәтіндердің өзі кеңестік кезеңдегі әдеби процестен, көркем сынның кәсіби әлеуетінен көп сыр ашады. Зоя Кедрина қаһарман қаламгердің шығармашылық қуатын, туындының көркемдік құндылығын танып, бағалап, бұл еңбектің баспаларда жатып қалмай дер кезінде жариялануына асқан жауапкершілікпен белсенді еңбек еткені байқалады. Екі хатында да осы елгезектік, әсіресе қазақ қаламгерлерінің жақсы жетістіктеріне қуанып, қолдау көрсетіп отыратын кісілігі көрінеді. Бауыржанның жалғыз хатының өзі қазақ қаламгерлерінің әлеуметтік жағдайының төмендігін, шығармашылық шеберлікті арзан анықтамалар арқылы айқындайтын дерттің барлығын, сынды тек ақ-қара деп қана танитын тоғышарлықты өзіне ғана тән білгірлікпен, тереңдікпен танып, өткір сынайды. Олардың хаттарында көтерген мәселелерінің ортақтығы, әдебиеттердің даму ерекшеліктері сөз болады. Оқып отырсаңыз, дәл бүгінгі әдебиеттің, сынның дерті ойыңызға оралады.
М.Әуезовтің жақын отбасылық досы, қазақ әдебиетінің қамқоршысы Зоя Сергеевна Кедринаның осы хаттарда байқалған адами қасиетінің, шығармашылық, әріптестік әсерінің нәтижесінде Б.Момышұлының «Наша семья» деген повесі («Книжное издательство». Г.Калинина, 1956. -173 с.) жарық көріп, одақ оқырмандарына кеңінен танылып, таратылады.
Осынау шынайы шығармашылық достыққа дәнекер болған М.Әуезовке, З.Кедринаға Бауыржан Момышұлының ризашылығы 1966 жылдың 19 маусымында Мәскеуде өткен Кеңес Жазушылар одағының съезінде сөйлеген сөзінде үлкен мінбер төрінен арнайы оған алғыс арнауынан аңғарылады:
«…Мне доставляет приятное удовольствие приветствовать друга казахской литературы Зою Сергеевну Кедрину! (Аплодисменты)» (Б.Момыш-улы. 19-том. (Выступление на съезде ССП (союз сов.писателей) написана 16-17 мая. Прои-но 19 июня 1966 г.). -243 с.».
Бүкіл залды дүр сілкіндіріп, дуылдатып ұзақ уақыт бойы шапалақпен құрмет көрсету жалғыз Бауыржанның емес, бүкіл қазақ қаламгерлерінің риясыз көңілі екендігін де ескерген жөн.
Бауыржан Момышұлы мен Зоя Кедринаның осы күнге дейін не әдеби, не ғылыми айналымға түспеген беймәлім мұралары, өзара жазысқан, тарихи мәні бар құнды қолжазбалары оқырманға ұсынылып отыр. Қазақ әдебиетінің қымбат рухани қазынасына айналған бұл мұралар екі жазушы, екі әдебиетшінің де шығармашылық зертханасын терең тануға, «Ұшқан ұя» («Наша семья») атты отбасылық, этнографиялық туындының жазылу тарихы мен тағдырын нақтылауға себепкер болары сөзсіз. Бұл беймәлім мұралардың зерттелуі, әдеби және ғылыми айналымға енуі, сөз жоқ, хат иесі мен адресаттың сол кезеңдердегі шығармашылық, психологиялық көңіл күйін де анықтайды.
Б.Момышұлының эпистолярлық мұралары қаһарман қаламгердің шығармашылық әлемін жан-жақты әрі терең зерттеуге де мүмкіндік береді. Өркениетті елде, мәдениетті ортада тарихи тұлғалардың эпистолярлық мұраларын жинау, жүйелеу, жариялау мәселелері жақсы жолға қойылған. Әр ұлттың зиялы өкілдері, әдебиетші мамандары өздерінің ұлы тұлғаларының әрбір сөзі, қолтаңбасы түскен эпистолярлық мұраларды рухани құнды құжат ретінде қарастырып жүйелі түрде іздестіріп, жинап, жариялап отыруды дәстүрге айналдырған.
Бауыржан Момышұлының соғыс жылдары Мұхтар Әуезовке жолдаған сегіз хатының жұмбағы да әлі шешілген жоқ. Өзге де осы күнге дейін табылмаған, жоғалған, ұрланған, зерттелмеген эпистолярлық мұраларын іздестіру жұмыстарын мұхтартану, бауыржантанушы ғалымдар үзбей, жүйелі түрде жүргізіп келеді. Ұлттық руханиятымызға қосылып отырған осынау құнды мәтіндерді қазақ әдебиетінің қазынасындағы жаңа жәдігерлер, тың мәтіндер, әдеби құбылыстар дер едік.

Негізі Мұхтар Әуезовке жазылған хаттарды мұқият жинап, жазушы мұражайына өткізудегі Валентина Әуезова мен Ләйла Мұхтарқызының еңбегі зор. Әсіресе, З.Кедринаның бүкіл хаттары Валентина Николаевнаға бағытталып жазылғанымен, оның сыртында үнемі Мұхтар Әуезовтің өзі, елесі тұрады. Суреткердің сол кездегі көңіл күйі, психологиялық пошымы, эмоциясы мәтіндегі сөз ырғақтарынан, ритмдік реңнен байқалады. Бүтін бір кезеңнің эпистолярлық мәдениетін тануға мүмкіндік беретін бұл хаттар мәтіндері ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет жарияланып, ғылыми және әдеби айналымға ілініп, ғылыми тұрғыдан талданып, зерделеніп отыр.

Осы ретте екі ғылыми-тәжірибе-лік міндеттер алға қойылады. Бірі – қолжазбаларды механикалық түрде, яғни сол қалпында оқып, түсіну, палеографиялық талдау және жариялау болса, екіншісі – эпистолярлық мәдениет мұраларын-филологиялық және әдеби тұрғыдан тереңдете талдап, зерттеуші тарапынан интерпретациялау. Біз мүмкіндігінше екі міндетті де қамтуға тырыстық. Өйткені Кедринаның М.Әуезовке, оның жұбайы Валентина Николаевнаға жазған хаттарының мәтіндері алғаш рет ғылыми айналымға еніп отырғандықтан мүмкіндігінше толық жариялауға, оларға өз тарапымыздан интерпретация жасауға, яғни зерделеуге, толықтырып, талдауға тырыстық. Бұл жерде мәтінді механикалық, яғни сол қалпында қабылдап жариялауда, оған ғылыми түсінік беруде көбінде түрлі болжамдар, емеуріндер болуы табиғи заңдылық. Тек олардың арасындағы шекаралық шектеулерден гөрі бірін-бірі толықтыру басым түсіп жататыны да жасырын емес. Жазушының жеке өмірінен шығармашылық өмірбаяны өрбитінін еске алсақ, жеке тұлғаның тағдырына, өміріне, отбасына, әрбір кезеңдердегі өмір белестеріне де бейғам қарауға болмайды.

М.Әуезов пен З.Кедринаның бір-біріне жазған хаттары екі тұлғаның жеке тағдырына қатысты ғана құнды деректер емес, ол қазақ және орыс әдебиеті арасындағы белгілі кезеңдегі (кеңестік) күрделі шығармашылық байланыстан, рухани өмірден, сөз өнері тарихынан там-тұмдап дерек беретін ғылыми дәйек. Бір дәуірдің шығармашылық үдерісін қамтитын Кедринаның Мұхтар Әуезов пен Валентина Әуезоваға жолдаған хаттары шын мәнінде әуезовтану саласындағы эпистолярлық маңызы зор мұра. М. Әуезов мұражайындағы №376 папкадағы (38 қорап) бұл хаттар осы күнге дейін жарық көрмеген. М.Әуезов «Шығармаларының елутомдық толық жинағындағы 50-інші томында ұлы суреткердің З.Кедрина мен А.Пантиелевке жазған 6 хаты алғаш рет жарияланған болатын. Алайда көрнекті орыс әдебиетшісі, сыншы, ғалым, аудармашы Кедринаның оларға жазған жауап хаттары көбінде Валентина Николаевнаға жолданғандықтан, сол кісінің жеке құжаттарымен бірге жазушының жиен немересі Диар Асқарұлының қолында болған (4-38-қорап). Бүгінде мұражай қорына қосылған бұл хаттар №376-папкада сақтаулы. Біз Кедринаның хаттарын көпшілікке алғаш рет ұсынып отырмыз. Хат мәтіні орыс тілінде болғандықтан құжаттың құнын жоғалтпай, алған үзінділерді сол қалпында беруге тырыстық.

Кеңес әдебиетінің көрнекті ғалымы, сыншы, әдебиетші, аудармашы З.Кедрина естелік қолжазбасында: «…вся моя сознательная творческая жизнь была связана с Мухтаром Омархановичем. А повседневная жизнь моей семьи много лет и во многом также была очень близка его семье. Мы дружили с ним без малого тридцать лет…», деп жазғаны екі ұлт әдебиетінің ұлы достығын дәлелдесе керек-ті (5-«Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. 2-бас.Алматы: «Білім».2007.-288 бет.39 б).

Қазақ және орыс әдебиетінің кеңестік кезеңіндегі тарихы, сол кездің әдеби үрдісі, екі ел әдебиетінің шығармашылық байланысы, жеке тұлғалардың қарым-қатынасы бұл хаттар мәтінінің маңызын арттыра түседі. Жазушы мен Кедринаның эпистолярлық мұрасы ондағы адресатпен құрылған дискурсқа, өзара пікірталастарға құрылған.

Біз қарастырғалы отырған Зоя Кедринаның М.Әуезов пен Валентина Николаевнаға жазған 15 хаты (12/ІХ.41 жылдан басталып, 1956. жылдармен аяқталған), 2 қолжазбасы және оған жауап берген Мұхтар Әуезовтің хаттарында 1951-1959 жылдар аралығындағы жазушы өмірінің қиын қыстау кезеңдері, нақты өмірлік деректер мен әдеби фактілер көрініс тапқан. Бұлардың бәрі ұлы суреткердің өмірбаяны мен шығармашылық өмірінің тұтас жүйеленіп, зерттелуіне мүмкіндік береді.

Эпистолярлық мұрадан ең бірінші, автордың образдық мінездемесі, ондағы қойылып отырған тақырыпқа сай мәтіннің мақсаты айқындалады. Хат мәтінінің ақпараттық сипатына, оның танымдық, тағылымдық, тәрбиелік, көркемдік-эстетикалық мәндеріне назар аудару арқылы бұл жанрдың поэтикасын айқындауға болады. Оқушыға хаттардың типологиясы (достарға, ресми тұлғаларға, т.б.) ғана емес, мәтін астарындағы ішкі сезімдер, ішкі дауыстар диалогтері, ой-сана қақтығыстары мен пікір қайшылықтары да қызықты. Қазақ әдебиетіндегі Мұхтар Әуезовтің эпистолярлық жанрдағы жазбаларының тарихы мен поэтикасын, олардың дәуірлеу кезеңдерін зерттеген кезде көз жеткен нәрсе олар уақытпен бірге тақырыптық, жанрлық, стилдік өзгеріске ұшырап, әр кезеңде жаңа тарихи мәдени түзетулер енгізіліп, жанр поэтикасы әрдайым өсіп, мазмұны мен көркемдік құндылықтары уақыттың талабына орай өзгеріп отырған. М.Әуезов пен Кедрина өмір сүрген кешегі кеңестік кезеңде қағазға түсірілген хаттарда ашық ойлар алаңы өріс алса, бүгінде олардың орнын телефон, SMS, интернет ақпараттары алмастырды. Сөз жоқ, олардың түрлік те, тәсілдік те, мағыналық та, стилдік те құрылымдары өзгерді. Тарихта ізі де қалмайтын мұндай ақпарат хаттардан гөрі тасқа түсіп, талай ұрпақты тәрбиелер, оларға тағылымды өнер ұсынған әдебиеттегі тұлғалардың эпистолярлық мұраларының маңызы ерекше екендігі айтпаса да түсінікті. Олай болса, Мұхтар Әуезовке жолданған хат жанрындағы мәтіндердің біздің ұлттық құндылықтарымыз үшін де алар үлесі зор.

Кедринаның Мұхтар Әуезов пен оның отбасы мүшелеріне жолдаған хаттағы эпистолярлық уақыт пен кеңістік мәселелері, олардың өмірі мен шығармашылық өмірбаяндарындағы беймәлім кезеңдер мен фактілерді айқындап, творчестволық лабораторияларының құпия қалтарыстарын ашуға және олар туралы түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Екі шығармашылық тұлға арасында отыз жыл бойы үздіксіз жүргізілген эпистолярлық өнер тәжірибесіндегі жанрлық, тақырыптық, құрылымдық ерекшеліктер жөнінде әдебиеттанушы ғалым Т.Фриктің: «…Эпистолярный дискурс по своей природе отличается стилевым синкретизмом, нечеткостью жанровых границ, однако в каждом отдельном случае можно говорить о специфике жанровой структуры письма, обусловленной творческой индивидуальностью его автора, она, как и все составляющие эпистолярной поэтики, зависит от адресата, точнее, того или иного образа адресата, создаваемого автором письма. Именно образ адресата определяет направление развития общения, особенности поведенческого текста автора, а также то, какой тип связи письма определяется художественным инструментарием писателя, его идеологией», деп айтқанындай, М.Әуезов пен Кедринаның эпистолярлық мұрасындағы диалогтік дискурс та өз кезеңінің шежіресі (Фрик Т.Б. Эпистолярность Н.М.Карамзина// Вестник Томского государственного университета. Филология. 2016. – №2(40). – 136 стр).

Қалай болғанда да хат мәтіндері эпистолярлық жанрда «мәтін ішіндегі мәтін», интертекст ретінде пайдаланылғанымен ол жалпы көркемдік тұтастықтан тыс болмайды. Сондықтан Кедринаның өзге емес, тек қана Мұхтар Әуезов пен оның отбасы мүшелеріне жолдаған хаттарында адресат-кейіпкердің шынайы бейнесі, өмірдегі сюжеті, шындығы бейнеленген. Эпистолярлық мұрадағы уақыт пен кеңістік те сол кезеңнің ішкі, сыртқы мінездемелерін ашады.

Бұл тақырыптың біз үшін ерекшелігі сонда, оның қазақ әдебиеттануында бұрын зерттелмегендігінде және мұхтартану саласын толықтырып, жан-жақты зерделеудегі маңыздылығы әлі күнге дейін беймәлім болып, енді ғана әдеби айналымға енуінде болса керек. Эпистолярлық жанрдың ұлттық әдебиеттануда туып, қалыптасуы, дәуірлеу тарихы мен теориясының мәселелері, эволюциясы, трансформациясы, поэтикалық және типологиялық ерекшеліктерінің әзірге екі шығармашылық тұлға Әуезов пен Кедрина хаттары негізінде қарастырылуы да бұл еңбектің жаңалығы.

Кеңестік кезеңде хат жанрының публицистикалық, сыншылдық мағынасы артып, саяси әлеуметтік, рухани, гуманистік мәселелер көтерілген. Ал Кедрина мен Әуезов хаттарында көбінде әдебиет мәселелері, оның аударма саласының жанрлық, теориялық, тәжірибелік мағыналары сөз болады. Бұл хаттарда лаконистік стиль қалыптастырған композициялық түзіліс, анықтық, қысқалық, сауаттылық бой түзеді.

Хат жанрына жаңа мағына беріліп, сол арқылы уақыт мәселесі өткір, көкейкесті түрде қойылды. Ұлы ұстазға деген тағзым, ақылшы ағаға деген шексіз алғыс, өзге ұлт өкілі болса да туған бауырындай болған қамқоршыға деген қалтқысыз адалдықтан туған Кедринаның ұлы жазушыға, оның отбасы мүшелеріне, Валентина Әуезоваға жолдаған хаттары біз үшін беймәлім құндылықтар.

Зоя Сергеевна Кедринаның (12/ІХ.41, 30/ХІІ-46, 9/VІІІ-52, 11/VІІ-55, 13/VІІ-56, 13/VІІІ-60, 23/Х-60, 19/VІІІ-61, 8/VІІ-61) М.Әуезов пен В.Әуезоваға жазған 15 хаты және ескі машинкаға басылған екі бетті ескертпе мәтіндері мұражай қорында бар. 1941–1961 жылдар аралығындағы Мәскеу – Алматы арасындағы ақпараттар ағынынан аңғаратынымыз, даталары көрсетілген хаттардың өзі толық еместігі, олардың құнтталмай жоғалғандары қаншама? З.Кедринаның әзірге қолда бар 15 хатының бәріне бірдей жауап жазылмаса да кейбіріне жауап жазылғаны да ақиқат. М.Әуезовтің атынан жазылған 8 хатында да олар нақты дерекпен дәйектелген. Мысалы, 18.08.1951 ж. №85-нөмірлі хатынан басталып, №92-мен аяқталатын хаттарының көбінде: «Получили на днях твое письмо, читали всей семьей, были рады весточке от тебя…», деп басталады. Олай болса, жазушы мұражайында да және Кедринаның өзінің жеке архивінде, мүмкін өмірінің соңғы жылдары қызмет еткен М.Горький атындағы әлемдік Әдебиет институтының мұрағатында қолға түспеген көп құжаттар болуы әбден мүмкін. Оларды іздестіріп, мұрағатқа тапсыру, зерттеу, әр қырынан интерпретациялау жұмыстары алдағы уақыттың еншісіндегі ғылыми мәселелер.

Айталық, З.Кедринаның М.Әуезовке жазған қолжазбаларының ішінде «Замечание по роману «Путь Абая» редактора Кедриной» деп машинкаға басылған мәтін бар, онда романның 2-ден 5-ке дейінгі тарауларында айтылған сын-ескертпелер түсіріліпті. Мұхтартануға қажетті бұл құнды пікірлер де көпшілікке мәлім емес, тың әдеби деректер.

Ал З.Кедринаның үшінші хаты 1946 жылдың 30 желтоқсанында жолданыпты. Хатты сирек жазатын Валентина құрбысынан жақсы хабар жеткеніне қуанған Зоя Сергеевна : «Дорогая Валечка! Не могу тебе сказать до чего, я была рада получить от тебя письмо да еще такое хорошее… Начну свой отчет с главного: Валечка, Кошка наконец, со мной. Демобилизовался в мае с невероятным трудом, т-к. он политработник, его непременно хотели использовать на курильских островах . К счастью его литературные труды были признаны достаточным мотивом и вот теперь он дома. Написал пьесу для театра Михоэлса и пока с ней все хорошо. Говорят, что это будет событие и т.п. Ну, дай бог. Кроме того он работает с А.М. Коллонтай над ее мемуарами и пишет военные очерки (статья) для «Красноармейца», деп жолдасы Абель Пантиелевтің көп үзілістен соң қаламымен қайта қауышқанын айтып, өз өміріндегі оң өзгерістерден де хабар береді: «…а с осени я занялась большой критической работой (монографией Сельвинского) и Тот, была опубликована в «Октябре», а потом в «Сов.писателе», но меня стали уговаривать идти в антифашисткой комитете сов.женщин (в журнал «Сов. женщина») и я почему то пошла… И сама толком не скажу почему. Условия и зарплата там лучше обычных редакционных значительно, но дело не в этом материально я бы прожила и так. Но, сидя дома, я как то одичала и оторвалась, а тут хорошее дело – борьба с фашизмом – ну, я и пошла. А тут на меня и нагрузили дела: монографию сдавать 15/І; в «Октябрь» две статьи (одна в №12, другая в № 1-2), Заказы для «Красной звезды», «Комсомолки», «Труда» и наконец, «Правды». А на работе, как всегда на новом месте также дела по-уши. Ну, в «Октябрь» я все написала, в «Кр.звезде» у нее напечатано, а теперь стараюсь чтобы соотрудить для «Правды» – пороху не хватает – слов нет. Письмо и то собачьим языком пишу, а уже где же статью?..

Однако где то зимой я собиралось еще написать о казахской прозе. Орентировочная договоренность с «Октябрем» на этот счет есть. В основе «Абай» и «Балуан Шолак», которого охота ругнуть. Ну, там видно будет…», деп осыншама қауырт жұмыстарына қарамай қазақ әдебиетіндегі жаңа үрдістер туралы үнемі үн қатып отыруды дағдыға айналдырған әдебиетші ретінде қазіргі қазақ прозасы жөнінде де пікір айтып, одақтық кеңістікте таныстыруға тапсырыс алғанын, оның ішінде міндетті түрде Мұхтар Әуезовтің «Абайы» мен Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» романдарын негізге алып талдайтыны жөніндегі ойларын жеткізеді. Соншама тарихи филологиялық ақпараттарға толы хат мәтініндегі әр факті сол кезеңдегі одақтық әдеби үрдістен мәліметтер берумен бірге соғыстан кейінгі бір рухани серпілісті сезіндіреді. Газет, журналдардан түскен тапсырмалар Кедринаға жауапкершілік жүктеумен қатар ұлт пен ұрпақ тағдырына жауапты ана ретіндегі күрескерлік рух береді. Жалаң үгіттен гөрі жауыздыққа қарсы күресті аналық адами қасиеттермен құнарландырып, шынайы сезіммен шұрайландыру талабымен тұтастандырып қалам ұстаған сыншы Кедрина өзі кие тұтқан сөз өнерінде ақыл мен парасат, ақиқат пен мейірімді басты қағида ретінде ұстанған. Оның шығармашылығы мен монографиялық зерттеулерінде де, тіпті эпистолярлық мұрасында да осы мейірімділік мәнері жат емес. Хат авторының образдық бейнесі осы қалпында Мұхтар Әуезов пен отбасы мүшелеріне жазған хат мәтіндерінде де мүлтіксіз мүсінделген. Зоя Кедринаның хат жанрындағы мәтіндері Мұхтар Әуезовтің де автобиографиясы мен қазақ әдебиеті тарихын түгендеуге, шығармашылық өмірбаянының өрісін кеңейтуге де көп мүмкіндіктер туғызғаны анық. Сол 1950 жылдардағы кеңестік әдебиеттің тарихынан, әдеби басылымдардағы жаңалықтардан, тарихи деректерден филологиялық мағлұматтар берген Кедрина хаттарындағы өмірбаяндық және әдеби фактілер кеңестік дәуірдегі орыс және одақтас ұлттар әдебиетінің шығармашылық байланыстарын, олардың қарым-қатынасындағы күрделі тарихты тануға мүмкіндік ашады. Кедринаның хатында аталған одақтық мерзімді басылымдарда жүргенде қазақ әдебиеті, ондағы көркем шығармалары, олардың авторлары жөнінде көптеген әдеби сындар, ғылыми мақалалар жазғандарын пайымдатар ғылыми нақты мысалдар мол.

Жекелеген монографиялар мен деректі шығармада, көркем туындыларда там-тұмдап немесе белгілі бір кезеңдері ғана болмаса әлі күнге дейін Мұхтар Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны да тұтас жазылған жоқ. Жазушының отбасылық, жеке өмірбаяны мен әдеби әлемінен көптеген құнды деректер беретін хат мәтіндері, эпистолярлық мұралардың тұлға өмірбаянын толықтыруға, олардағы деректер мен мәліметтердің мазмұнын байытуға, ескірген дүниелерді жаңалауға, бұрынғы кеңестік кезеңнің саяси талғамына сай жазылған дүниелерді түгелдей жаңартып, шынайы, табиғи, әдеби, ғылыми тұлғасын қайта қарап, тарихи тұрғыдан орнықтырып, қалыптастыруға да қосар үлесі мол.

Зоя Кедринаның Әуезовтер әулетіне жолдаған хаттары ХХ ғасырдағы эпистолярлық мәдениеттің, екі ұлт әдебиетінің ірі өкілдері арасындағы әдеби шығармашылық байланыстың тарихынан байламдар жасауға негіз береді. Хат мәтінінде автордың жеке көңіл күйі, ой-толғаныстары орын алып, диалогтік дискурстың жан-жақты ашылуына да кең өріс ашады: «…Ужасно хочется приехат к Вам, поведать всех Вас в купе семейном состоянии. Я хотелось создать атмосферу для командировки, но чут выйдет-бы в есть! А хочется ужасно. Мне нажатие, чут если мы все встретимся в Алма-Ате, то молодость – не вернется, конечно, а вспомнится», деп жастық шақ қайта айналып келмесе де еске алып, қайта сезінудің құдіреті қандай керемет екендігі жазылады. Мұнда автордың сол сәттегі көңіл күйі, өзіндік көзқарасы тілді құбылту, оның қалыпты ырғағын көтеріңкі реңге өзгерту бар. Көктемді, жылылықты аңсаған нәзік жанды әдебиетші әйелдің болмысы мен психологиясының тылсым сырлары белгі беріп қалады. Хат авторының ішкі жан дүниесінің бір сәттік сырларында өзге жұрттан жасырын жұмбақ әлемі, ішкі сезімдік-эмоциялық иірімдері көрініс береді. Хаттың стильдік өрнегі осы көңіл күйге орай поэтикалық пафосқа ие. Одан әрі хат иесі З.Кедрина замандасы, ұстазы Мұхтар Әуезовтің 50 жасқа келгенін, уақыт-шіркіннің қаншалықты тез, сынапша сырғитынын сөз етеді: «…Что меня впечатляет – это пятидесятилетие Мухтара! Вот это пореальнее землетрясения: значит мы с тобой, Валюша, старушки?».

Хат мәтініндегі коммуникативтік (екпін, ырғақ, саздылық, интонация), образды-мағыналық (поэтика, дискурс) ақпараттар үлкен тебіреніс пен толқудан тұрады. Өмір бойы жұмыстары шашетектен келіп, бас көтеруге мұршасы келмей жүретін шығармашылық тұлғалар бір сәт тынығып, ес жиып еді, елуге келіп қалғандарын біліп, бастарын ұстайды. Хат авторы биологиялық тұрғыда жасы елуді еңсеріп тұрса да көңіл-жастық бұл ойға жеңіс бермейтінін, алайда уақыт өз дегеніне көндіріп, Мұхтармен қоса Валентина екеуінің де қарттыққа қадам басқандарына бір қуанып, бір қайғырады. «Әйел адамның жасы әрқашан он сегіз» деген әзіл осындайда айтылса керек. З.Кедрина хатындағы мәдени, эстетикалық, рухани мағыналық ақпарат жан әлемінің әлі жас екендігін, шығармашылық адамының рухани қуаттылығы қолынан қаламы түспей қажи қоймайтынын да аңғартады.
Негізі өзге өркениетті елдер әдебиеттануында эпистолярлық мәдениет жоғары деңгейде қалыптасып, дамыған. Тарихты тұлға жасайтынын ескерсек, ұлттық руханиятқа қосылар олар туралы әрбір әдеби фактінің, тарихи деректің, эпистолярлық мұра мәтінінің құнды екендігі тағы да даусыз. ХХ ғасырдағы ұлы тұлғамыз, көрнекті суреткер, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің жеке өмірбаянына, әдеби шығармашылық әлеміне қатысты көптеген тарихи филологиялық ақпараттарды алға тартатын кеңестік кезеңдегі орыс әдебиеттанушысы, сыншы, жазушының жанашыр достарының бірі Зоя Кедринаның хаттары сөз жоқ, бүгінгі мұхтартану үшін үлкен олжа.

You may also like

Leave a Comment