Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы (1909-1976) – Тұңғыш кәсіпқой қазақ сәулетшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанда қазіргі сәулет мектебінің негізін салып, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Сәулетшілер одағының алғашқы төрағасы. Республикада бірінші сәулеттік факультетін ұйымдастырушысы.
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Ленинград азаматтық-инженерлер институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы құрылыс басқармасынан бастаған. 1933-1937 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызметтер атқарды.
1936 жылы Алматы Қазақ КСР-інің астанасы атанғаннан кейін осы және өзге де сәулет нысанын жобалау архитектор Төлеу Бәсеновке жүктелген.
Т.Бәсенов 1936-1937 жылдары Алматы әуежайының бірінші кешенін, 1941 жылы Қазақ опера және балет театрының үйін, 1949-1951 жылдары Амангелді Иманов ескерткішінің жоспарын, 1968-1969 жылдары Алматыдағы Достық даңғылының бас жобасын, Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақ ССР павильонының ғимаратының жобалау жұмыстарын кәсіби шеберлікпен орындап шыққан.
1937-1941 жылдары – Алматы қаласының бас сәулетшісі. Ол Алматы қаласының алғашқы бас жоспарын жасады.
1944-1954 жылдары – Қазақ КСР Министрлігі Кеңесі жанындағы сәулеттік жайғастыру басқармасының бастығы. 1958-1976 жылдары – Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ политехникалык институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Басқару-ұйымдастыру жұмыстарына белсенді түрде араласып жүргеніне қарамастан, Төлеу Құлшаманұлы мамандығы бойынша жан аямай еңбектеніп өтті.
Бәсенов Түркістандағы Қожа-Ахмет Иассауи мемориалдық кешенін, Тараз қаласындағы Айша Бибі мазарын, тағы басқа көптеген жәдігерлеріміздің қайта қалпына келтіріп, қайта жаңғыртуына ат салысқан.
Төлеу Құлшаманұлы – еліміздің бұрынғы астанасы Алма-Аты қаласының даму бас жоспарын жасаған алғашқы сәулетшілерінің бір болып саналды. Ол – Қазақстанда, Мәскеуде және Кеңес Одағының көптеген қалаларында бой түзеген ірі-ірі ғимараттардың, алып кешендердің авторы, 25 сәулет кешенінің жетекшісі және жобалау жөніндегі кеңесшісі. Соның ішінде ең үлкендері – Алматының орталығы және Ленин Даңғылы (қазіргі Достық даңғылы), Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақ ССР павильонының ғимараты, Ақтөбе қаласында қоғамдық орталығы, Алматы әуежайының бірінші кешені, Қазақ опера және балет театрының үйі, Амангелді Иманов ескерткішінің жоспары, «Алатау» кинотеатры және көптеген тұрғын үйлер.
Басенов Cемей ет комбинатының, Петропавл хром зауытының жобасын жасады, Түркісібтің объектілерін, Қызғыз Республикасындағы Кант-Рыбачье темір жол станциясын жобалады. Қарағандыдағы спорт және мәдениет Сарайы жобаларының жетекшісі болды. Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап архитектуралық ескерткіштерін зерттеді. «Қазақстан архитектурасындағы өрнектер», «Архитектура және қала құрылысы» атты ғылыми-зерттеу еңбектері, тағы басқа көптеген монографиялары жарық көрген.
Сондай-ақ Т.Бәсенов Қазақстанның архитектуралық ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру үшін ат салысқан. Оның тапсырмасы бойынша Тараз қаласының жанындағы, Айша Бибі мазарының аумағы өлшенді, Түркістандағы Қожа-Ахмет Яассауи мазарын қайта қалпына келтіріп жобасы жасалынды.
Орынбордың жұмысшылар факультетін, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) азаматтық-инженерлер институтын бітірген.
Қазақстанның құрметті сәулетшісі, оқытушы Маян Ізбасарова тұңғыш кәсіби архитектормен бірге жұмыс істеген.
«Ол кісі Санкт-Петербург азаматтық инженерлер институтын бітіріп, Алматыға келді. Ең алдымен Орталық комитеттің ғимаратын салғызды. Кейін ол Темірбек Жүргенов атындағы академия болып кетті. Қаланың орталық бас поштасын, халықаралық әуежайдың бірінші кешенін, Қазақ опера және балет театры ғимараты авторларының бірі. Төлеу Бәсенов 1936 жылы Қазақстанның сәулетшілер одағын құрды. Бұл одақты құру өте маңызды еді. Дизайнерлер мен қала құрылысшыларының одағы Алматыда әлі жұмыс істейді», — деді Маян Ізбасарова.
Ол кезде сәулетші болу үшін Ресейде білім алу керек еді. Төлеу Бәсенов сала мамандарын Қазақстанның өзінде дайындауға бастама көтеріп жүрді. Бірақ бұл идея тек соғыстан кейін жүзеге асты. 1957 жылы қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінде құрылысшыларды оқытатын. Төлеу Құлшаманұлы алғаш рет 1961 жылы сәулетшілер тобын ұйымдастырып, Қазақ политехникалық институтынан «Сәулет» факультетін ашқызуға көп еңбек сіңірді. Соңынан Қазақ политехникалық институтында құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық факультеттері құрылды.. Сол кезде Маян Ізбасарова оқытушы болып қызмет еткен.
Төлеу Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институты қазіргі таңда Қазақстан құрылысына қажетті таңдаулы мамандар даярлайды. Студенттер сәулет және қала құрылысының дизайны, құрылыс инженериясы, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру, инженерлік желілер мен жүйелер, көлік құрылысы, өндіріс орындарында жеке гигиенаны сақтау және еңбекті қорғау саласы бойынша білім алады.
Институттың тарихы сонау 1957 жылдан бастау алады, сол жылдары республикадағы құрылыс ісінің білгір маманы, отандық сәулетшілер мектебінің негізін қалаушы, белгілі архитектор Төлеу Бәсеновтың бастамасымен Қазақ тау-кен металлургия институты (ҚазТКМИ) жанынан «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы ашылып, алғашқы талапкерлер қабылданған болатын. Ал 1961 жылы ол инженерлік-құрылыс факультеті болып қайта құрылып, онда сәулет бөлімі ашылды.
1962 жылы бітіріп шыққан инженер-құрылысшылардың алғашқы түлектері кейіннен атақты ғалымдар, ірі-ірі ғылыми және жобалау институттарының, отандық және одақтық дәрежедегі құрылыс орындарының білгір мамандары мен басшылары атанды, кейбіреулері министрлік лауазымға дейін көтерілсе, біреулері облыстық және қалалық әкімшіліктерде басшылық қызмет атқарды. ҚазПТИ-дің инженерлік-құрылыс және сәулет факультеттерін бітіріп шыққан алғашқы түлектердің арасында мына атақты адамдар бар:
Бейсенов К. – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор;
Көшербаев Қ.А. – Маңғыстау облысының әкімі;
Әділов Ж.М. – Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ректоры (2008–2015), экономика ғылымдарының докторы, профессор;
Татығұлов А.Ш. – «ҚазГОР» жобалау академиясының президенті;
Әшімбаев М.У. – ҚазСҚАҒЗИ-ның бас директоры;
Монтахаев К.Ж. – КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық сәулетшісі;
Баймағамбетов С.К. – Алматы қаласының бас сәулетшісі, ҚР еңбегі сіңген сәулетші;
Фазылов С.А. – Алматы қаласының бас сәулетшісі, ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Қазір Институт студенттер қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай білім алып, кез келген ғимараттың тамаша үлгісін жасай алады, оған қажетті конструкцияларды есептеп, құрылыс жобасын ұйымдастырумен және оның экономикалық есеп-қисабын жасаумен де айналыса алады. Сондай-ақ олар жаңа ақпараттық технологияларды: мультимедиа, ІВМ платформасын бағдарламамен қамтамасыз етуді, есептік және графикалық бағдарламаларды меңгеріп шығады. Институт қызметі құрылысқа жаңашыл дәстүрлерді енгізуге бағытталған және ол ВІМ-технологиясы жөнінен Қазақстандағы алдыңғы қатарлы бастамашылардың бірі болып табылады. Студенттер халықаралық және отандық байқауларға үнемі қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алуда.
Институттың негізгі мақсаты – ҚР халық шаруашылығы үшін архитектура-құрылыстың таңдаулы тобын даярлау.
Т.К.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының міндеті мен стратегиясы болып қазіргі нарық пен халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдарын өндіруде және архитектура-құрылыс кешені үшін жоғарытехнологиялық және ғылымды қажетсінетін өндіріс үшін кадрларды кешенді дайындау: оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейту, студенттердің критикалық ойлау және зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту, оқу үрдісінде студенттер жауапкершілігін арттыру, студенттердің белсенді білім қызметіне оқытушылықпен біріктіру, оқытушы мен студент арасындағы өзарабайланыс, оқытушылықтың инновациялық әдістері, ынталандыратын білім беру. Институттың назары білім бері үрдісінің негізгі қорытындысы ретіндегі оқыту нәтижесінің жоғары сапалылы болуында жатыр.
Төлеу Бәсенов Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы паркіндегі Даңқ мемориалын салу үшін Украинадан мүсінші Виктор Андрющенконы алдырған. Маян Ізбасарованың айтуынша, бұл сәулетшінің өмірінің соңғы жылдары еді.
«Мемориалдың ашылу салтанатына аурухананың пижамасымен шауып келген еді. Сөйтсек, аурханада дәрігерлер жібермепті. Ұл-қызына хабарласып жатуға уақыт жоқ. Қашып келген беті екен. Сөйтіп, өзі көп еңбек еткен мемориалды ашқаны бар», — деді Маян Ізбасарова.
Маян Ізбасарова Төлеу Бәсеновтің 100 жылдығына орай әріптестері мен туған туыстары екі томдық кітап шығарған.
Төлеу Бәсеновтің бірінші әйелі соғыс кезінде қайтыс болған. Одан бір ұл, бір қыз қалған. Соғыс уақытында медицина институтының 4-курсында оқып жүрген Гауһар Ахметова оқуды тастап, сәулетшіге тұрмысқа шығады. Ол — Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы. Гауһар күйеуінің бірінші некесінен қалған ұл мен қызды өсірді, Төлеу Бәсенов екеуінің бір қызы бар.
«Бірінші әйелінен қалған қыз қазір Мәскеуде тұрады. Ал ұлы Алматыда тұрды, осында қайтыс болды. Төлеу Бәсеновтің мінезі қызба еді. Ылғи жұмысбасты болып жүретін. Ештеңені созбалақтап жүрмейтін, бар болса, «бар», жоқ болса, «жоқ» деп кесіп айтатын», — деп еске алды әріптесі Маян Ізбасарова.
Ол – Қазақстанда, Мәскеуде және Кеңес Одағының көптеген қалаларында бой түзеген ірі-ірі ғимараттардың, алып кешендердің авторы, 25 сәулет кешенінің жетекшісі һәм жобалау жөніндегі кеңесшісі. Шығанақ Берсиевтің туған жеріндегі пирамида-ескерткіштің, Ақтөбе қаласының жаңа орталығының, Қарағандыдағы дене шынықтыру, мәдениет Сарайларының, Балқаштағы Металлургтер мәдениет үйінің, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі басқа да көптеген ғимараттардың сәулетшісі. Ғалым Батыс Қазақстан сәулет ескерткіштерін зерттеп, Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасады.
Т.Бәсенов қазіргі қазақ сәулет өнеріне байланысты ойларын үлкен мінберлерде, пікірталастарында айтып, баспасөз беттерінде де жазған. Ол пікірлері жинақталып, «Сам аймағындағы архитектуралық ескерткіштер» (1947), «Қазақстан архитектурасындағы өрнектер»(1957), «Архитектура және қала құрылысы» (1974) атты ғылыми-зерттеу еңбектері, тағы басқа көптеген монографиялары жарық көрген.
1980 жылы осы факультеттер негізінде, Алматы сәулет-құрылыс институты ашылып, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына айналған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының негізінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы құрылды. Сондай-ақ Т.Бәсенов Түркістандағы Қожа-Ахмет Иассауи мемориалдық кешенін, Тараз қаласындағы Айша Бибі мазарын, тағы басқа көптеген жәдігерлеріміздің қайта қалпына келтіріп, қайта жаңғыртуына ат салысқан.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясының үздік студенттеріне Т.Бәсенов атындағы диплом және стипендия тағайындалған.
Төлеу Құлшаманұлының елімізде өзіміздің мамандарымызды тәрбиелеу меселесін тақылауға әрқашанда көтерді және өзінің де қосқан еңбегі аз емес. Бүгінде есімі елге танылған оқушылары көп, олар -Қазақстанның еңбегі сіңірген сәулетшілері Рүстем Сайдалин, Адамбек Қапанов, тағы басқалары Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға үлес қосып келеді.
Сондай-ақ алғашқы сәулетші Т.Бәсеновтің 100 толғанда 50 теңгелік шақалар шығарылып айналымға енгізілді.
Төлеу Құлшаманұлының бүгінде есімі елге танылған оқушылары көп, олар -Қазақстанның еңбегі сіңірген сәулетшілері Рүстем Сайдалин, Адамбек Қапанов, тағы басқалары Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға үлес қосып келеді. Алғашқы сәулетшінің өмірі мен қызметі, әсіресе, ұлттық сәулет өнеріндегі өшпес іздері бұл мамандықты таңдаған жігіттер мен қыздарға күні бүгінге дейін өнеге болуда.
Республикалық екі телеарнаның шығармашылық тобы – Қазақ сәулет мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан Сәулетшілер одағының тұңғыш төрағасы, республикамызда сәулет факультетін алғаш ұйымдастырушы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, биыл туғанына 115 жыл толған Төлеу Құлшаманұлы Бәсенов жайында деректі телефильм түсірілді.
Фильм авторлары тележурналистер Иманбай Жұбаев пен Болат Нүсіпбековтердің айтуларына қарағанда, фильм Шалқар, Мұғалжар, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласының өзінде, тағы да басқа қалаларда түсірілмек. Түсіру жұмыстарына Төлеу Бәсеновтің немересі сәулетші Алмат Бәсенов қатысуда. Сондай-ақ алғашқы сәулетші Т.Бәсеновтің 100 толуына орай 50 теңгелік шақалар шығарылып айналымға енгізілді. Шақаларды өңдеуге Төлеу Құлшаманұлының немересі дизайншы Алмат Бәсенов қатысқан.
Төлеу Бәсенов 1976 жылы Алматыда дүниеден өтті.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, КСРО-ның «Еңбектегі ерлігі үшін», «1941-1945жж Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының орталық көшелерінің бірі тұңғыш сәулетшінің есімімен аталады. Алғашқы шебер сәулетші Т.Бәсеновтің тұрған үйіне мемориальдық тақта орнатылған.
Бүгінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында Төлеу Бәсеновтің атында аудитория бар.
Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы атымен Тимирязев көшесінен оңтүстікке қарай және Жароков көшесінен батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.