Сансызбай Сарғасқаев — көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бағбаны атанған қаламгер.
Сансызбай Сарғасқаев 1925 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Шарбақты» колхозында туған. 1943—1948 жылдары Кеңес Армиясы катарында болған. Аудандық «Красногоршы» газетінің жауапты хатшысы, редакторы, Красногор ауаткомында жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған. КПСС мүшесі. Ол жастық шағын еске алып бірде былай деп жазған еді: «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, — ауыл шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың. Балаларға арнап көптеген повестер мен әңгімелер жазды. Ол дүниелері кезінде оқырмандарының жылы ілтипатына бөленді.
Шығармалары: «Достар». Повестер мен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1953; «Бір отрядта». Повестер, әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; «Сәуленің жаңа достары». Достар. Повестер мен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; «Ақиқат». Әңгіме, повестер. А., ҚМКӘБ, 1963; «Көңілді балалар». Повестер. А., «Жазушы», 1966; «Бір көшенің балалары». А., «Жазушы», 1970; «Биіктен биікке». Повесть, әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; «Тәмпіш танау». Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1974; «Алғашқы асулар». Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; «Ұстаз». Роман. А., «Жазушы», 1979; «Сұлутөр». Роман. А., «Жазушы», 1983.
Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесі отызыншы жылдардағы ауыл өмірін суреттейді. Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?» , «Өкініш», «Теке қарт», «Не болды бізге?», «Бұдан кейінгі күндерде …», «Ойламаған жерден», «Үш күн қалғанда».
Басты кейіпкер – тәмпіш қара Шаншатай. Повесте Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер – әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе, бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге.
Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз. Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады. Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі. Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады. Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек.
Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген. Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады. Шаншатай – қаладан келген көзі ашық бала, ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі. Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.
Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді, ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.
Шығарманың негізгі ойы – жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Мойнына ал қызыл галстук тағып пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына жасынан белсене араласқан Сарғасқаев 1949 жылы республикалық пионер журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әнгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді, адал болуды жазды.
Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Пионер» журналының беттерінен жиі-жиі көріне бастады.
1953 жылы Сарғасқаевтың «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.
Сансызбай 1953 жылы «Бір отрядта» повесін ұсынды. Бұл пионер мұнымы өміріне арналған қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі алғашқы шығарма еді.
Повесть пионер отрядындағы өмірді жан-жақсы көрсетеді. Оқиға тартыс төңірегіне құрылған. Мұндағы кейіпкерлер ұдайы өздеріне лайық іс-әрекеттерімен көрінеді. Повестің құндылығын пионерлердің басты еңбегі — оқу процесінің, романтикаға толы пионерлік Істердің су-реттелуінен көреміз. Отряд пионерлері мейлі футбол мен баскетбол ойнасын, болмаса фермаға саяхат жасасын, белгілі адамыдармен кездессін, отряд кітапханасын ұйымдастырып, сауық кештерде өнерлерімен танысын бәрі-бәрінде автор өз кейіпкерлерін мектеп — пионер өмірінің қайнаған ортасында жүргізіп, әрқайсысын жеке-дара мінезімен, балаларға тән психологиясын тереңдеп ашуы мен көрсетуге тырысқан.
Мұндағы басты кейіпкер — IV класс оқушысы Қайрат. Оның мінезінен тентектік, өнімсіз өктемдік, бос даурықпа, құрмақтан аңғарылады. Ол талай-талай коллектив талқысына түседі де, алдында әлі де көрері көп екенін сезінеді.
Повесте Саяттың бейнесі де оқушы назарын аударарлық. Ол оқуда үздік. Отрядта бетке үстар — үлгілі пионер. Бірақ, оның осы үлгілі ісі тек мектепте, пионер отрядында ғана. Ол — өзінышіл, менмен бала. Автор Саяттың бойындағы мінезді шебер аша білген. Ал Кәрім болса, бір беткей, тік мінез. Осы мінезімен ол кейде достарын үркітеді, аңқылдақ адал жанын бір беткеилігі бүркемелеп кетеді. Жазушы бала психологиясының қилы астарын ұтымды суреттеген.
Повесте Сахи деген қыз бар. Автор оны жеңілтек, қисыктығы мен қышырлығы әлі де қалмаған етіп суретте-мен болған, алайда оның бейнесінде күңгірттік бар. Повесте Жамалдың образы бірсыдырғы шыққанымен, отряд вожатыйы Сәуле, Саяттың әкесі Мұрат, мұғалима Ғайша жайында оны айта алмаймыз. Бұл адамдар автордың жетелеуімен ғана санатқа қосылған жандар боп шыққан.
Повесть автордың әп-әдемі пейзаждық көріністер жасап, оның шығарма идеясын, кейіпкерлердің күй-жағдайын беруге орынды пайдалана білетіндігін танытты.
Мұнан кейін Сансызбай 1954 жылы «Сәуленің жаңа достары», «Сұлутөрдін балалары» (1956), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963) атты повестер мен «Балалар» (1958), «Шындық» (1964) атты әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. Жинаққа енген жиырмаға тарта шағын әңгімелер тақырыбы, оқиғасы жағынан алғашқы әңгімелерінен әлдеқайда көркем. Бұлардан жазушының қаламы өткірленіп, шеберлігі арта түсіп, кекселенгендігі бірден байқалады. Әсіресе «Өкініш», «Көз», «Шатақ», «Сабақ», «Жігіт» секілді әңгімелері композициялық шырақтығы, сюжеттік тартымдылығы, бояу нақышының айқындылығымен көзге түседі.
Сансызбай Сарғасқаев пионер өмірін толық та жете біледі. Ол жас ұландар өмірін, қызықты істерін жай ғана тіркеуші емес, алға мезеуші. «Мен пионерлерді инитивасы, тапқырлығы үшін, коллективтілігі мен шынайы достықтары үшін жақсы көремін. Міне сондықтан да олар менің шығармаларымның басты кейіпкерлеріне айналды» деуі өте орынды.
Балаларға өз өлкесін жақсы таныту үшін жазушылар қолданатын бір шеберлік — пейзажды, жаратылыс сұлулығын әдемі суреттеп, өмірді, қозғалысты толық елестетіп, балалардың уылжыған жас жанына эстетикалық әсер, бойына жігер, қайрат беретіндей етіп көрсету. Оның «Бүршік жапырақ жаяды» повесі жаратылыс сұлулығын-таң шапағын суреттеудең бастаған: «Бүгін де күндегідей еді. Көкжиектің етегін түре таң біліне бергенде «Сұлу-төрдің» сүйір-сүйір шоқыларына қонған боп-боз ақша бұлттар таң шапағымен бойына қан жүгіргендей, ашық қызыл түске еніп, бейне бір күлтеленген гүлдей жұмыр-лана қалғанды. Таң самалы түнгі ауыр ауаны ысырып, әлде бір жадырақ қылықты әкелгендей селоның үстін сипап өтіп, жасыл жапырақтарды баяу тербетеді. «Сұлу-төрдің» найзадай тік қадалған биік шындарына түскен күн сәулесі бірте-бірте оның терең аңғарларына сүңгіп, торланған қос көлеңкенің жамылғысын бұзып өтіп, арғы қабағына шаншыла қалды. Қара-коңыр аспан көкшіл тартып, кең алқапта, қалың ағаштар да ашық сәуле құшағына енді. Енді бірде Бүкіл алқапка мол нұрын шашып «Сұлутөрдің» иығынан отты үлкен шар секілді — күн шыға келді».
Сансызбай адам портреттері мен психологиясын пейзаж арқылы толықтыра суреттеуге шебер. Жалаң пейзаждын ғана емес, оны өмірмен, адам тіршілігімен, еңбек процестерімек байланыстыра суреттейді.
Адам — табиғат перзенті. Табиғаттың даму, өзгеру заңдылығы сияқты адамның да сыры, мінезі, іс-әрекеті әр алуан. Жазушы басты кейіпкерлерін табиғат көріністерін суреттеуге байланыстыра гуманизм рухымен тоғыстырған.
Повестің басты кейіпкерлері — Раушан, Мақсұт, Олақ, Ақан. Бұлардың бәрі де бесінші класс оқушылары. Олар не нәрсені болса да қызыға, қуана қарсы алатын, ойындағысын орындағанша тыныштық көрмейтін, таудай талабы бар намыс иелері. Олардың көзге түсерлік елеулі еңбек еткілері келеді. Бірақ оны неден бастау керек? Әң-гіме сонда. Раушан да, Олақ та, Ақан да қаладан жаңа көшіп келген агрономның баласы Мақсұттың Москваға Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне қалай барғанын білгісі келеді. Олар Мақсұт сияқты Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне баруды армандайды. Осы проблеманың шешілуін автор тағы да әрекетке, балалар инициативасына, асқақ романтикасына әкеліп тірейді:
«Балалар,— деді Раушан осы кезде,— бізге де мектеп жанынан неге бақ жасамасқа. Оған Әди батырдың есімін бермеске.
— Рас-ау!—Олар ала қанымен екі санын шарт еткізіп соғып қалды. Тіптен дұрыс айтасың.
—Меніңше,— деді Мақсұт,— бізге де «Жерлес батырлар бұрышын ашу керек.— Тіпті, осы Әди батыр туралы материал жинап, альбом жасасақ.
Әдетте бала сезімі қандай нәзік, гүлдей балғын келеді. Раушан мен Мақсұттың, Олақ пен Ақанның сезімтал нәзік жүректері әлгі бір оқиғаға елігіп, өздері де сондай бір үлкен істің көш басшысы болуға асыққаны занды кұбылыс. Повестің ұтымды жағы — сонысында. Мектеп айналасын гүлбақшаға айналдыру, оны өз елінің, өз жерінің елеулі батыры халық ұлының атымен атасақ деген сияқты талаптар көбіне кеңес бүлдіршіндеріне тән сипат екенін танытады.
Повесте пионерлердің осындай үлкен талаптарын қолдап, соған басшылық ететін биология пәнінің мұғалімі Жомарт Алматаев пен колхоз агрономы Дулаттың образдары солғын шыққан. Олардың қимыл, әрекеті көбіне баяндау тұрғысында шешіледі. Кейбір эпизодтарда ғана кылаң еткені болмаса, көздеген мақсатка жетпей калған. Әрине, бұрын «Сұлутөрдін балалары» деген атпен жарық көрген бұл повесті жазушының біраз жөндегені көрініп тұр. Қосылған тараулар мен толықтырулар әлі де теренірек қарауды қажет ететін секілді.
Жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың келіні, тіл маманы, өз ісінің білгірі Сарғасқаева Фатима Ізімбергенқызы өзінің отбасы мен өскен ортасы жайлы толғана сыр шертіп:
«Мектеп қабырғасынан балаларға арнап өлең жаза бастадым ( мүмкін ол Қазақ радиосы мұрағатында сақтаулы да шығар). Алайда уақыт мені ұстаздық ауылынан жырақтатып, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне тапсырдым. Оған еш өкінбеймін. Керісінше мен дәрісін тыңдаған Т.Қожакеев, М.Барманқұлов, М.Қозыбаев (ол кісі менің жетекшім болды) тәрізді майталмандардан сабақ алу зор мәртебе деп түсінем.
Осы қара шаңырақ қабырғасында жүріп болашақ өмірлік серігім Сарғасқаев Бақытты жолықтырдым. Ол да журналист. Белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың ұлы.
Баспада біраз уақыт жұмыс жасаған соң мен көп ұзамай Ұлттық Кітап палатасына жұмысқа алындым. Осы жылы мен қызмет етіп отырған мекемеге 80 жыл толады. Біздің архивтің қоры өте бай, 5 миллионнан астам кітап сақталған. Бұл еңбектер біздің қазақстандық авторлардың маңдай тері. Осы мекемеде қазаққа танымал Т.Ахтанов, С.Сматаев, Ж.Сейдуманов тәрізді қаламгерлер еңбек етті.
Кітап палатасында табан аудармастан 35 жыл жұмыс істеп келемін. Дариға Аманжолова жетекшілік ететін «Қазақстан» атты бөліміндегі жұмыс көңілімнен шығады. Барлық оқиғалар мен соны өзгерістердің арасында жүріп есейдім, толыстым. Уақыт сырғыған сайын керемет дүниелерді танып біліп, өсесің, таным көкжиегің кеңейе береді.
Қайын атам белгілі жазушы Сансызбай Сарғасқа
евпен пікірлесу мен үшін ғажап оқиға еді. Атам тұнып тұрған «тірі энциклопедия» болатын.Түсінбегеніңді сұрасаң сол сәтте жауабы дайын тұратын. Ол кісі өз туындыларын оқығанда ұйып тыңдамасқа шараң қалмайды. Тек шабытты шақтарында жазуға отырғанда еш мазаламауға тырысатынбыз. Балалар жан-дүниесінің білгірі,тамаша жазушының «Сәуленің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шындық», «Шыбық», «Жаймашуақ», «Тәмпіш қара», «Жұмбақ қыз» атты повестері мен әңгімелері ертеректе жарық көрген. Талай балдырған атамның әңгіме, тақпақтарымен танысып, есейгені біз үшін мақтаныш. «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деген дана сөз бүгін мен ертең арасындағы рухани байланыстың алтын көпірі. Мен Кітап палатасында, жазушылар арасында болған талай қызықты да есте қаларлық күндеріме шүкіршілік ете отырып, балаларым мен немерелерімді өз ісін сүюге, рухани кемелдену үшін жалықпай тер төгіп, ұлттық әдебиетімізді оқуға шақырар едім»- дейді. Алдыңғы буын ағалар мен аналардың өткен жолы кейінгілерге ғибрат, үлкендерге құрмет болса керек.