Home Жаңалықтар САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫЛАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНІП, МАРАПАТТАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫЛАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНІП, МАРАПАТТАЛДЫ

Daismedia.kz

2025 жылдың 05-09 қаңтар күндері аралығында Келес ауданы, Қошқар ата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекенінде бокстан 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.

Облыс чемпионатына 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысып, 16 салмақ дәрежелері бойынша бақ сынасты.

Осы дүбірлі жарыста Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу Жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірттері жүлделі орындарды олжалады.

Атап айтқанда:🥈 II орын — 46 келі салмақ дәрежесінде Илият Райымбек, 🥈II орын — +70 келі салмақ дәрежесінде Алтынбек Айтулы, 🥉lll орын — 37 келі салмақ дәрежесінде Елемес Азамат алды.

Жасөспірім боксшылардың бұл жарыс жолында жаттықтырушылары Еркін Оразалиевтің, Куат Примбетовтің, Бауыржан Баратовтың, Нұркен Сыдықовтың тынымсыз еңбегі тұр.

You may also like

Leave a Comment