90 жыл бұрын (1935) жазушы-сатирик, Қазақстанның құрметті журналисті, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ дүниеге келді.
Шығыс Қазақтан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Ғаббас Қабышұлы — қазақстандық жазушы, публицист, аудармашы, сыншы, журналист. 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұранқай ауылында дүниеге келген. 1968 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін сырттай аяқтайды. 1955–1966 жылдары облыстық «Алтай большевигі» (қазіргі «Дидар») газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1966–1974 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болып істеді. 1974 жылдан КСРО Әдеби қоры Қазақ филиалының директоры, 1983 жылы республикалық «Ара-Шмель» сатира журналының бас редакторы, 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құзырындағы Көркем аударма және әдеби байланыс Бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, 1994–1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болған.
Әзіл-сықақ әңгімелер, новеллалар, сын, көркем очерк, көсемсөз, түрлі тақырыпқа мақала жазды.
Әділдік пен турашылдық «Қызыл кітапқа» енудің аз-ақ алдында тұрған қасиеттер десек, сөз ұстаған қауым әсіре айттың деп сөге қоймас. Пікірі мығым, ұстанымы берік адамдардың қатары саусақпен санарлық екенін өздері де мойындайды осы күні. Есімі санаулылар тізімінің бас жағынан табылатын азаматтардың бірі – көрнекті публицист, сатирик Ғаббас Қабышұлы.
Әзіл-сықақ, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз, мақала жазды. 14 жинақтың авторы. Орыс әдебиетінен А.Чехов, Д.Ленч, С.Михалковтың, украин әдебиетінен О.Вишнянның, серб әдебиетінен Б.Нушичтің әңгімелерін, түрік әдебиетінен Ә.Несиннің «Футбол королі» сықақ романын, таңдаулы әзіл-сықақ әңгімелерін, (жиыны 2 кітап), молдован әзілқойы А.Бусуйоктың «Менің париждік нағашым» хикаятын аударған.
Ұйымдастырып шығарған еңбектері: «Жан қайығын жарға үрдым» (І.Жансүгіров туралы естеліктер жинағы); «Менің Сәбитім» (С.Мұқановтың жүбайы Мәриям апайдың естелігі).
Әрі ұйымдастырып, әрі құрастырып шығарған еңбектері: «Көрінім, көңілге түйгенім»; «Күлкіңді жүр міз сағыныш»; «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар»; «Хакім. Михаил Иванович. Мәке» естеліктер жинағы. О.Әубәкіровтің 4 томдық таңдамалысын, Х.Есен-әлиевтің 4 томдық таңдамалысын құрастырып шығарды. Әзіл-сықақ әңгімелері «Қымызхана», «Тамаша» театрларының сахналарында қойылған.
Алғашқы әзіл-сықақ әңгімелері 1966 жылы «Шұғыла» жас жазушылар жинағында жарық көрген. 1970 жылы жазушының алғаш рет «Мінездеме» атты жинағы шыққан.
Чеховтың, О.Вишнянның, И.Друцэнің, А.Несиннің, А.Бусуйоктың, Б.Нушичтың, Д.Ленчтің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
«Мінездеме», «Мысықта сақал неге жоқ?», «Күлеміз бе, қай-теміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім ғой…», «Халіңіз қалай?» «Кадр мәселесін… мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Екі хикая», «Көлденең кітап», «Сағыныш сазы», «Адамның кейбір кездері», « Жолаушылар », «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай…», «Төрт хат», «Тарғыл тағдыр», «Гүл аңсағай бір ғұмыр. Айғыр кемпір.», «Удай уәде», «… изация», «Арыңның сөзін айта біл. Скажи все по совести», «Анау-мынауизация» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
Тұңғыш өлеңдер жинағы – “Нөсер” 1959 жылы жарық көрген. Ақынның он шақты кітабы бар. Л.Толстойдың “Крейсер сонатасы” повесі мен бірнеше әңгімелерін, К. Хетагуровтың өлеңдер жинағын, Г.Х. Андерсеннің ертегілер кітабын, С.Вургунның “Бакудастан” поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақ сатирасының тарихы тым тереңде жатыр. Оның бастау бұлақтарын халық ауыз əдебиетiнен, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала əңгiмелерiнен iздеуге болады. Сатирик- жазушы Ғаббас Қабышұлы 2014 жылы жазылған бір сұхбатында қазіргі қазақ сатирасы жайлы өз пікірін білдіріп:
– Турасы, сатираның тұзы жеңiл. Мен Жазушылар одағында 30 жыл қызмет iстедiм. Сонда осы Одақтың пленумында болсын, Құрылтайында болсын, сатира туралы бiр ауыз сөз айтылмай-тын. Содан Одақты басқаруға Əнуар Əлiмжанов келгеннен кейiн, бiр-екi жылдан соң Құрылтай өттi. Сол баяндамасында сатираға арналған бiр тарау болды. Сонда қазақ сатирасының тарихына тоқтала келiп, бүкiл сатириктердi атап шықты. Кiмнiң не бергенiн, не жазғанын қадап айтты. Үзiлiске шыққан кезде Оспанхан Əубəкiров жарықтық, екi тiзесiн шапаттап билеп жүр. Мен «Мұның не?» деймiн. Сөйтсем, «Бiз тiрi екенбiз, бар екенбiз. Бiздi де еске алды-ау» деп едi.
Соңғы кезде «Сатира жоқ» деген сөз ауыздан түспейтiн болып кеттi. Ол сөздi сатираны түсiнетiндер де, түсiнбейтiндер де айтатын болып жүр. Қолына қалам ұстап, бiр мақала жазғанның бəрi «Сатира жоқ» деген «əн» тауып алды. Өкiнiшке қарай, сатираның қамқоршысы болып жүрген Көпен Əмiрбектiң өзi бiр сұхбатында «Сатира жоқ» дейдi. Анада теледидардағы бiр хабарға қатысып отырып: «Бiзде сатира жоқ. Бар, бiрақ жеңiл, ұсақ-түйек. Салмақтының бəрi Оспанханнан кейiн бол-май кеттi» дегендi айтты. Көпеннiң өзi солай деп отырғаннан кейiн, басқаларға не жорық?! Сатира неге болмасын? Сатира бар, бiрақ соны оқитын, талдайтын, бағалайтын адам жоқ. Жалпы, əдебиетте сынның нашарлап кеткенi өз алдына, сатира туралы Темiрбек ағамыздан кейiн аузын ашатын адам қалмады. Роза Алтынбекова диссертация қорғады, кiтап жазады. Ол – жақсы. Бiрақ күнделiктi баспасөзге араласып, бүгiнгi сатира туралы пiкiр айтуы өте сирек. Əйтпесе «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ əдебиетi», «Əдебиет айдыны», тағы басқа басылымдардың бəрiнде бет, мүйiстер бар. Ал ендi баспадан жарық көрiп жатқан сатиралық кiтаптар өз алдына. Қайта бұрынғыға қарағанда сатиралық жинақтар көп шығатын болды.
Қаламы əбден төселген мықтылардың бiрi Үмбетбайдың, Көпеннiң, Толымбектiң, Еркiннiң – бəрiнiң кiтабы жарық көрiп жатыр. Соны бағалайтын адам болмағандықтан сатираны кiм көрiнген «тепкiлеп» жүр.-деген екен.
Белгілі қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлы шығармашылығы көпшілік оқырманға жақсы таныс. Өздеріңізге жазушы хақындағы елеулі пікірлер топтамасын ұсынамыз.
«Сaтирик жaзушы осы зaмaнның боямaсыз сиқын тaнытaр сорaқылaрғa шүйілгенде aйызыңды қaндырa сөйлейді. «Aйтa түссе екен» деп емінесің».
Мұзaфaр Әлімбaев
«Ғaбекең өзі қaндaй ұстaмды, тиянaқты, тұрaқты болсa, шығaрмaлaры сондaй өнегелі. Оның бaр шығaрмaсы aдaмгершіліктің, aдaмзaттықтың, aдaлдықтың, жұрт көзіне іліне бермейтін тұрмыстaғы қaрaпaйым ерліктердің әнін шырқaйды».
Әзілхaн Нұршaйықов
«Aлдыңғы aғa буынды қaйдaм, өзінің ізін бaсып келе жaтқaн ортa буын біздер үшін Ғaбекең сондaй жеке бaсының пәк, түзулігі мен дaрa ерекшеленіп тaнылaтыны бaр».
Жaнaт Aхмaди
«Aдaмзaттың құдіретті қaбілеті күлкі, күлкі aдaм бaлaсының ең қымбaт мүлкі, күлкің — aр-ұятың, қинaлғaндa қылaр қaйрaт, миятың деп жүрген Ғaббaс».
Темірбек Қожaкеев
«Ғaбеңнің енді бір aсa елеулі еңбегі мaрқұм aғa-іні әріптестері жaйындa естелік жинaқтaр шығaруы».
Үмбетбaй Уaйдин
«Хaлқымызғa тaнымaл сaтирик жaзушы Ғaббaс Қaбышұлының жaңa шығaрмaсының жaнры жоқтaунaмa десе де болaды. Кітaптa бірдің мұңы емес, мыңдaрдың мұңы миллиондaрдың сaнaсындa сaрғaйып aрнaсы толмaстaй жоқтaйтын тұлғaлaрдың ғaсырлaрғa қaлдырғaн ой мұрaсы, aсыл пікірлері. Тот бaспaйтын aлтынғa бергісіз сөздері мен өнері жөнінде aйтылaды».
Тaбыл Құлияс
«Жaзушы әр бір әңгімесінде мaғынaсы бaр ой aйтуғa мейлінше көңіл қойып және де сол қaғидaны іс жүзінде aсыруғa тырысaды. Ғaббaстың әңгімелерінде бұл қaсиеттердің бaрлығы сaқтaлып, оқушыны бей-жәй күйінде қaлдырмaй елітіп отырaды».
Сейілғaзы Әбдікәрімов
«Көбімізге ұстaз Ғaб aғaңның ерекше aтaп aйтуымызғa болaтын aдaмгершілік бір қaсиеті — өзі туып өскен өңірдің тaрихынa, тaрихи тұлғaлaрынa нaзaр aудaрып нaсихaттaп жүретіндігі».
Жaрылқaсын Дәулет
«Тіршілігіміздегі оңды істерге қуaнғaнын дa; теріс істерге күйінгенін де aшық, бaтыл жaзыпты. Лaуaзымы ірілерге реніш болсa, оны іркілмей, жaсқaнбaй aйтқaн. Aдaлдықтaн aулaқтaп жүретін, әділеттілікке қиянaт жaсaйтын «күштілерді» сынaп мінеген – осы Ғaб aғaң».
Бәйкен Сaпaрғaли
«Ғaббaс Қaбышұлы жaзушылықты уaқытшa кәсіп қылмaй, жaндүниесіне aзық етуі бірден – бір зaңды құбылыс. Оғaн әңгімелері болсын, пaмфлеттері болсын, фельетондaры болсын өзінің бaрыншa ықшaмдығымен және шынaйлылығымен дәлелденіп жaтқaндығы».
Сейфоллa Оспaн
Ақын әрі сатирик Мыңбай Рәш ағамыз ілгеріректе берген бір сұхбатында:
«Мен Ғаббас Қабышұлын өткен ғасырдың 1956 жылынан бастап білемін. Яғни 60 жылға жуық. Бұл мерзім аз емес. Бастапқыда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданынан, кейінірек кенді Алтайдың Өскемен қаласынан жиі хат жазып, шығармаларын жіберіп тұрды. Садықбек Адамбеков екеуміз «Ара-Шмель» журналының фельетоншыларымыз. Бас редакторлығына біртуар классигіміз Ғабит Мүсірепов тағайындалған-тұғын. Орынбасары Дмитрий Федорович Снегин. Жауапты хатшы Бәри Мәзитов. Борис Чекалин суретші, машинка басатын Илья Ахуновна деген ұйғыр келіншегі мен Ғабеңнің шопырын қосқанда, бірді-екілі орыс фельетоншыларын ескергенде бас-аяғы оншақты ғана адам. Көлемі оншалықты болмаса да журналдың Мүсірепов тұсындағы беделі ерекше болатын. Бір фельетонға іліккен басшы бір айға жетпей-ақ қызметімен қоштасатын. Ғаббас сатираның қилы-қилы түрлерін жазады. Шағын сатиралық әңгіме, фельетон, сахнада орындауға лайықты жанрлы көрініс… тағысын тағылар.
Баршылығын прозамен жазады. Өлеңмен жазғаны болған емес. Ғаббасқа тән стильдік ерекшелігін айтпағанда, ол алған тақырыбын мазмұнды да, ғибратты һәм қысқа жазуға шеберлігі көрініп тұрады. Әрине, редакцияның ішкі жоспарларына байланысты сырттан жазатын авторлардың шығармаларын жиі жариялап тұруды журнал көлемі көтермейтін. Әредік «Құрметті Ғаббас Қабышұлы! Сіздің пәленше тақырыптағы шағын әңгімеңізді жариялауға мүмкіндік болмады» сипатты хаттар да жазуға тура келетін. Ғаббас оған реніш білдірмейтін, ұзақ үнсіз қалмайтын, редакциямен жиі хабарласып сәтті жазылған сатиралық туындыларын жібере беретін.
Алғашқы қадамын корректорлықтан бастаған Ғаббас осыдан отыз жыл бұрын өзі де «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болып қызмет атқарғанда әлгіндей жағдайларды әбден байқаған болар деп ойлаймын. Бір кезде таралымы 200 мыңнан асып кеткен (Ғ.Мүсірепов, Қ.Жармағамбетовтердің кезінде) журнал келе-келе таралым тұрмақ, жарық көруден де қалғанын білеміз. Шүкір дейік, таяуда «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ара» қайтадан садағын асынып, сатиралық сапарын жалғастыра бастады (Бас редакторы менің шәкіртім Көпен Әмір-Бек). «Ара» журналы алғашқы шыға бастағаннан-ақ оның беделі ерекше болғанын Ғаббас Қабышұлы жақсы біледі. Ғабит Махмұтұлы Бас редакторлықтан біржола Жазушылар одағы басшылығына қызметке ауысқан кезде де журналдың жай-жапсарынан қол үзбей, редколлегия мүшесі болып қала берген еді. Бірде мені шақырып алып: – Есенберлинмен сөйлес. Бәрін саған айтады, – деп ескертті. … Бақсам Ілияс Есенберлин «Қазақфильм» киностудиясынан қызметінен босапты. – Басшысы кім? – деп сұрадым. – Пястолов деген. Киностудияның тұрмыс-тіршілігін тексере бастадым. Резник деген әйел бас есепшісі болатын. Сол менен қатты сескеніп директорға айтса керек. – Маған жіберіңізші сол фельетоншыны! – депті Пястолов. Бардым. – Сау-сәлеметсіз бе? – деп сыпайы амандасқанымның өзін жақтыртпай, – Иісшіл иттей неменеге шырайналып жүрсің? – деді салған беттен. Сөзінің сиқы. Бас терісі салбырап, қабағы түксиіп, түтігіп кеткен. – Кісіні итке теңегеніңіз қандай шалдуарлығыңыз? – деп мен де ашуға міндім. …Кешікпей журнал бетінде «Қараңғыда қыз ойнақ, күндіз емес түнде ойнақ» деген фельетоным шыға келсін. Айналасы айға жетпей Пястоловтың ісі Орталық Комитет Бюросында қаралып, Киностудия директорлығынан аластатылды. – Пястоловты қатырыпсың! – деп іштей қуанғандар ішінде сол кезде облыстық газеттің жауапты хатшысы болып істейтін Ғаббас інім де бар еді. Сол бір тұста республика мекемелері басшыларының дені Мәскеу, Ленинград қалаларынан келген келімсектер болатын.
Ұлттық кадрларды өсіру мәселесіне ден қойған Ғабең тағы бір жолы: – Мемлекеттік жоспарлау комитетін байқау қажет, – деп ескертті. Үкіметтің оң қолы саналған «Госпланды» Братченко деген басқарғалы да біраз уақыт болғанын байқадым. Қараңызшы, жоғарғы санатты білімдар экономист Ілияс Омаровты елемей, ленинградтық «ақылдылар» тұқымы төрағалық етіп отыр. …Ай бойы тексердім. Халық атты бас есепшісі орта жастардағы кісі екен. – Мінекиіңіз!.. – деп маған деректерді жайып салды. Мемкомитеттің тоғыз басшысы да түгелдей келімсектер болып шықты. Қазақтан Баян Аюпов деген бір ғана экономист бөлім басшысы екен. Братченко бай мекеменің қаржысын оңды-солды шашуға жол берген. Оның дәлелі тоғыз басшы әр тоқсан сайын «командировка» делінген сылтаумен Ленинград, Мәскеудегі туыстарына тайып отыруды тұрақты әдеттеріне айналдырыпты. – Мінекиіңіз… пәленбай күн, түгенбай қаржы жұмсалған. Хаттама дегеніңіз атымен жоқ! – деп Халық Сейіткемелов көзілдірігін маңдайына ысырып қойды. Кешікпей «Ара-Шмель» журналының орта тұсындағы екі бетіне «Мың екінші түн» деген фельетоным басылып шықты. Әсте фельетонды белгілі бір түрге құрып жазсаң қызықты оқылады. Мен «Мың бір түндегі» Шаһризаданы еске түсіріп, осылай жазуды құп көрдім. Ғабең өзінің маңғаз даусына басып: «Әй, собака, тапсырманы сәтті орындапсың» деп мырс етті де қолын берді. …Айтып-айтпай не керек, кешікпей Братченко орнынан омақаса құлады да, төрағалыққа халық қастерлеп, жұрты сүйген, жайсаң жанды Ілияс Омаров келді. Ілияс Омаров кезінде Жоспарлау комитеті жұмысы да жан-жақты дамып, жанданып сала берді. …Өткен жылы Ғаббас Қабышев екеуміз сайыпқыран сатирик Садықбек Адамбековтың 90 жылдық торқалы тойына бірге аттанған едік. Екі кісілік купеге жайғасқан екеуміздің жол бойындағы әңгімеміздің көбісі сатира жанры, «Ара» журналы хақында өрбіген еді.
*** Ғаббас бойына тән, әсіресе кейінгі ұрпақ ғибрат алатындай бір қасиетті баса айтқым келеді. Ол өзім деп өзеурей бермей, өзгелердің тағдырын да көбірек ойлайды. Әсіресе, қазіргі арамызда барлар емес, бақиға озған жоқтар жайлы қамқорлық. Жасырып-жабары жоқ, мұндай ерекшелік кез келгеніміздің бойымыздан табыла бермейді. Елін сүйген ерекше тұлғаларға деген елгезектікті өз борышы санағандай сезіну. Оны мына еңбектерінен байқауға болады: «Жан қайығын жарға ұрдым» тақырыбымен Ілияс Жансүгіров хақында, Сәбит Мұқанов хақында Мариям апай естелігі, «Әлем таныған Әнуар» (Ә.Әлімжанов), О.Әубәкіров пен Х.Есенәлиевтердің 4 томдықтарын құрастырып жарыққа шығаруы… Қарапайым корректорлықтан – «Араның» Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы … өзге де басшылық қызметтерде болған сатирик Ғаббас Қабышұлы сексеннің сеңгіріне шығып отыр.
*** Ғаббас Қабышұлының әлем әдебиетінен тәржімалап, қазақша сөйлеткен қыруар туындылары оқырмандарды ризашылық сезіміне бөлеген-ді. Ал төл шығармаларының өзі жиырмадан астам жеке-жеке жинақ болып жарық көрді. Дені сатиралық туындылар. «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Халіңіз қалай?», «Бұл әлгі кім ғой…», «Жетім жиналыс»… іспетті жалғаса береді. Сайыпқыран сықақшының қағытпа қалжыңдарының қайсыбірі мырс еткізер мысқылға құрылса, кейбірі кейіпкерлердің керенаулықтарын келістіре суреттеген кекесін, сазайын тарттырар сарказммен астасып жатады. Жасы егде тартса да жазушы көптің ойындағы көкейкесті мәселелерді әрдайым назардан тыс қалдырмай, әртүрлі басылымдарда жиі жариялап келеді. Ғ.Қабышұлы әдебиетіміздің біртуар тұлғалары, төл тіліміздің тазалығы, тәржіме, танымдық-тағылымдық туралы ой-толғамдарын тайсалмай айтудан тартынып көрген емес. Не жазса да байыппен бажайлап, терең ойлы, тура кесетін, зерделі сөз зергері. Қайсыбір қақас қағидаларға қаймықпай қарсы тұрып, теріс топшылаудың «терісін» тотияйын тілімен таспадай тілетін қаламгер.
Сері тұлғасымен сергек қалпында сексеніне келген серіктес, әріптес абзал ойлы аяулы азаматқа ғұмырыңыз қуатты, шабытыңыз шуақты болсын дей келе, сөз түйінін бір шумақ өлеңмен шегерейін:
Көпен мен жүр соңыңда Еркін Жаппас,
Сен де ақсақал атандың інім, Ғаббас!
Сері сынды қалпыңмен жүре берші,
Сесті сүйрік тіліңді іздеп таппас»-деп сатирик-жазушы Ғаббас Қабышұлы жайлы ой толғаған екен.